– Омск, Бішкек және Делиде де сайлау учаскелері ашылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады.
Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Юрий Цой дауыс берді.
Сағат таңғы 7:00-де елдің 15 өңірінде дауыс беру басталды.
Сондай-ақ 8 150 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр.