Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаяқтық қылмыстардың саны өскен және көбі ашылмаған күйінде қалуда - АРҚА АЖАРЫ

Алаяқтық қылмыстардың саны өскен және көбі ашылмаған күйінде қалуда

Өткен жылы Ақмола облысында қылмыс саны 21 пайызға төмендеген. 2022 жылы 6 700-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Сонымен қатар, соңғы 5 жылда облыста алаяқтық жағдайлары 62 пайызға артқан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қылмыстың жай-күйі, әкімшілік құқық бұзушылықтар және жол-көлік оқиғалары туралы өткен брифингте осы көрсеткіштер ортаға салынды.

Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың негізгі үлесі немесе 49 пайызы Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларына, қалған 51 пайызы өңір аудандарына тиесілі. Тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша аудандар арасында бірінші орында Бурабай ауданы тұр. Бұл курорттық аймаққа байланысты, бірақ, 2021 жылмен салыстырғанда бұл ауданда қылмыстың  26 пайызға төмендеуі байқалады.

–Алайда кейбір ауыр санаттағы құқық бұзушылықтар бойынша айтарлықтай өсім байқалды, мысалы денсаулыққа ауыр зиян келтіру 92-ден 95-ке дейін немесе 3,3 пайызға өскен және бопсалау 61,5 пайызға дейін жеткен. Сондай-ақ, мүліктік қылмыс 70,5 пайызға өсіп, осындай 2099 қылмыс пен 1084 алаяқтық ұрлау қылмыстары тіркелген. Ақмола облысында алаяқтықтың алдын алу мәселесі өзекті болып қала бермек, оның едәуір бөлігін ақпараттық жүйені бұзушылар немесе интернет-алаяқтықтардың қылмысы құрайды. 2022 жылы профилактикалық іс-шаралар мен халықтың қырағылығының арқасында алаяқтықты 1134-тен 1084 қылмысқа дейін азайтуға мүмкіндік туды, – деп атап өтті брифингті өткізген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті облыстық басқармасының бастығы Ақыл Қарпықбаев.

Сонымен қатар, соңғы бес жылда алаяқтық қылмысы 668-ден 1084 қылмысқа дейін 62 пайызға өсті. Алаяқтық фактілері жалпы тіркелген қылмыстың 20,3 пайызын құрайды, оның ішінде тек 250 қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Қалғандары әлі де шешімін таппаған немесе тергеу сатысында.

–Соңғы бес жылда ретроспективті талдауда интернет-алаяқтықтарды тіркеу динамикасын қарастыра отырып, құқық бұзушылықтың бұл түрі соңғы жылдары айтарлықтай қарқын алуда деген қорытындыға келеміз. Тек 2022 жылы тіркелген интернет-алаяқтықтардың жалпы санының 71,3 пайызы қылмыстың телекоммуникациялық және компьютерлік технологияларға тез ауысуының айғағы. Интернеттегі алаяқтықтың көбі ашылмаған күйінде қалып, күн сайын олардың жаңа сұлбалары анықталып жатыр. Интернет-алаяқтық жасаудың ең көп таралған жолдары – «OLX» сынды сауда-алаңдары, банктерден келетін жалған қоңыраулар, қарыздарды рәсімдеу, «Instagram», «Колеса» сайтындағы қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру, желілік маркетингтегі ақша алмасу, әлеуметтік желілер арқылы тауарға тапсырыс беру және тағы да басқалары. Алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, адамдар өздерінің жеке деректері мен ақшалай қаражаттарын қаскүнемдердің қолына бере салуды қояр емес. Сондықтан, интернет алаяқтықты азайту үшін мәміле жасау кезінде қырағылық танытудың маңызы аса зор, – деп атап өтті Ақыл Қарпықбаев.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуі ерекше алаңдаушылық туғызады, өйткені 67 қылмысты 16 мен 17 жас аралығындағы жастар жасаса, 14 қылмысты 14 пен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер жасаған. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың басым бөлігі колледж студенттерінің қолымен жасалады. Тағы 6 қылмыстық іске барған жасөспірімдер мас күйінде болған. Десе де, соңғы бес жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 38 пайызға төмендеген.

Өткен жылы Ақмола облысының аумағында адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан 653 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12,1 пайызға аз. Ең көп жол-көлік оқиғасы Көкшетау қаласында, Целиноград, Бурабай және Аршалы аудандарында тіркелген. Осының салдарынан 1044 адам зардап шекті, оның ішінде 112 адам қаза тапты.

–Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол-көлік оқиғасын өрескел бұзған жүргізушілердің кінәсінен болады. Осының салдарынан 602 апат орын алды. Жол-көлік оқиғаларының 49-ы немесе 7 пайызы жаяу жүргіншілердің кінәсінен болды, – деп қорытындылады брифингті Ақыл Қарпықбаев.

Демек, бұл да ойланарлық жағдай.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар