Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәжіліс пен мәслихат сайлауында 4-5 бюллетень болады - АРҚА АЖАРЫ

Мәжіліс пен мәслихат сайлауында 4-5 бюллетень болады

– 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында сайлаушылар 4 немесе 5 бюллетенде дауыс береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауда бір емес, 4 немесе 5 бюллетень болады. Парламент Мәжілісі депутаттарын пропорционалды негізде, яғни партия тізімі бойынша сайлауға бөлек бюллетень болады. Ол барлық өңірлерде барлық сайлау учаскелерінде таратылады. Екінші бюллетень – Парламент Мәжілісінің бірмандатты депутатына арналған, мұнда әр округтен 29 депутат сайланады», — деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров комиссияның бүгінгі отырысында.

Үшінші бюллетенде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ел астанасының мәслихаттарына сайланғысы келетін партиялар тізімі болады.

Төртінші бюллетень – облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, ел астанасының бірмандатты округы үшін таратылады, онда да кандидаттар ұсынылады.

«Бесінші бюллетень облыстарда 17 өңірде қолжетімді болады, бұл қалалық немесе аудандық мажоритарлық бюллетень болады. Мәселен, Түркістан облысының Шардара ауданында тұратын адамға өз ауданының мәслихатының депутаттарын сайлау бюллетені беріледі. Осылайша, мегаполистерде 4 бюллетень, қалған өңірлерде 5 бюллетень болады», — деді К. Петров.

Сонымен бірге «Бәріне қарсымын» бағанасы барлық бюллетенде көрініс табады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар