Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлау-2023: 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды - АРҚА АЖАРЫ

Сайлау-2023: 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жақында Мемлекет басшысы Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл ретте 2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды. Орталық сайлау комиссиясы қаулы жобасын қабылдады.

Атап айтқанда, Орталық сайлау комиссиясы тиісті дайындық жұмыстарын бастап кетті. Сайлаушылардың тізімін жасау және басқада іс-шаралар атқарылада. Осы орайда ҚазАқпарат агенттігі алдағы сайлауға қатысты негізгі деректерді көпшілік назарына ұсынады.

Дауыс беретін адамдар саны

Сайлаушылардың тізімдерін жасау — сайлау процесінің маңызды элементі. Өйткені, азаматтар осы тізім бойынша сайлауда өздерінің конституциялық дауыс беру құқығын жүзеге асырада. Сайлаушылардың тізімдерін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жасайды.

«Биылғы 1 қаңтар және былтырғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімін жасайды. Оған белсенді сайлау құқығы бар азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша қосылады. Әрбір сайлау науқанында азаматтардың тұрақты тіркелген жері және дауыс бергісі келетін учаскелеріне өтінім беру мүмкіндігі ескеріле отырып, сайлаушылардың тізімі жеке түзіледі», — деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Конститантин Петров.

Оның атап өтуінше, Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес сайлаушылардың тізімін жинақтады.

«Оған алдын ала тұрғылықты жері бойынша бөлінген 11 970 406 сайлаушы кірді. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелді», — деді К. Петров.

Тізімдердегі сайлаушылардың қайталануын болдырмау үшін ОСК барлық өңірдегі мәліметтерге қосымша талдау жүргізеді. Егер қайталанған деректер анықталса, онда ОСК өңірдердің жергілікті атқарушы органдарына тізімдерді ретке келтіруді тапсырады.

Осындай тексеру тәртібі тізімнің қайталануына жол бермейді. Әрбір азамат сайлау тізіміне бір рет қана енгізіледі. Сонымен қатар, сайлаушыларға өздерінің тізімдерде бар-жоғын жеке тексеруге мүмкіндік беріледі.

«Дауыс беру күніне 20 күн қалғанда, яғни 26 ақпанда тұрақты тұратын жердегі сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелеріне тапсырылуы тиіс. Сайлау учаскесі бес күн ішінде оларды таныстыруға дайындайды. 4 наурыздан бастап әрбір сайлау учаскесі бойынша тізімдер көпшілік назарына ұсынылуы керек. Яғни әр азамат сайлау учаскесіне келіп, тізімге енгізілгенін немесе өзі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеруге құқылы», — деді Константин Петров.

Бұл тұрғыда 2023 жылғы 4 наурыздан бастап учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі деректері тексеру мүмкіндігі беріледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар