Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Махсат Жаманбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Аталған адамдар қызметтік автокөлік құралдарын толтыру үшін бөлінген 100 млн теңге сомасында ЖЖМ талондарын алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Үкімді жариялау сот залында болған патрульдік полиция ротасының жеке құрамының қатысуымен өтті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қоғамдық бақылау институтын іске асыру аясында сотталғандарды әшкерелеуге «Әділдік жолы» ӨҚБ атынан жұртшылық өкілдері өз үлестерін қосты.