Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлаудан кейін партиялар арасында ақша қалай бөлінеді? Қаржы министрі жауап берді - АРҚА АЖАРЫ

Сайлаудан кейін партиялар арасында ақша қалай бөлінеді? Қаржы министрі жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандық партиялардың бюджеттен алатын ақшасы туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Жақын арада 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау бойынша Парламентке барамыз. Бұл тұрғыда Орталық сайлау комиссиясының деректері аясында осы бюджетті қайта қарап, партиялар арасында бөлеміз. Заң бойынша бұл қаражатты Парламентке фракция болып енген партиялар алады”, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Осы орайда министр жинаған дауыс санына қарай тиісті әдістеме бар екенін және осы дауыстар бойынша қаржыландыру жүргізілетінін айтты.

“Мәселен, 2022 жылы шамамен 8,5 миллиард теңге қарастырылған еді. Оның басым бөлігі Amanat партиясына, 1 миллиард теңгеге жуығы “Ақ жолға”, сондай-ақ 800 миллион теңге Қазақстан халық партиясына бөлінді”, – деді Жамаубаев.

Парламентте көбірек дауыс жинаған партияға биыл да көбірек ақша бөліне ме деген сұраққа министр: “Иә, дұрыс. Бұл дауыс санына байланысты”, – деп жауап берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар