– Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сілтеме жасап.
«6 ақпандағы жағдай бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:
1.«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;
- «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі», – делінген хабарламада.