Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады.
Тіркелген барлық 7 саяси партия Парламент Мәжілісінің 69 мандаты үшін саяси додаға қатысады. Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізімдерінде «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген 30 пайыз квота толығымен ескерілді. 29 бірмандаттық сайлау округі бойынша 609 кандидат ұсынылды, – деп айтты ол.
Жалпы республика бойынша әр сайлау округіне орташа бәсекелестік 21 кандидат.
Ең жоғары бәсекелестік Астана қаласының екі сайлау округінің әрқайсысы бойынша 63 кандидат. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысының сайлау округі бойынша 1 мандатқа 6 адам, – деп айтты Нұрлан Әбдіров отырыста.
Оның айтуынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттар депутаттарының 334 мандатына партиялық тізім бойынша ұсыну кезеңінде саяси партиялар белсенділігінің жеткілікті болған.
Мысалы, 6 саяси партия, яғни жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан басқа өңірлердің көпшілігінде мәслихаттардың депутаттарын сайлауға партиялық тізімдерін ұсынды. Ал облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана жалпы саны 334, аудандар – 2 130, қалалар 617 мәслихаттарының депутаттығына 3 081 мандат. Кандидаттарды бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсыну қорытындыларына сәйкес орташа бәсекелестік 4,3 кандидат, – деп толықтырды ОСК төрағасы.
Дереккөз: baq.kz