Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Францияда жүздеген мың адам ереуілге тағы шықты - АРҚА АЖАРЫ

Францияда жүздеген мың адам ереуілге тағы шықты

– Францияда сенбі күні жүздеген мың адам көшеге шығып, үкіметтің зейнетақы реформасына қатысты наразылық білдірді. Жаңашылдықтар қатарында зейнет жасын 62-ден 64 жасқа көтеру бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Шеруге қатысушылардың алдыңғы қатарында жастар тұр. Олар жұмыс күндері өткен наразылық акцияларына қатыса алмаған.

Бұл жолы ереуілге теміржол қызметкерлері қатысқан жоқ, сенбі күні пойыздар мен метро қалыпты режимде жұмыс істеді. Алайда, авиадиспетчерлердің аяқасты шеруге қосылуынан Орли әуежайында рейстердің жартысына жуығы ұшпай қалды. Орли – көлемі жөнінен ел астанасындағы екінші әуежай.

Осы аптада Францияның заң шығару органдары зейнет жасын көтеру бойынша қызу пікірталасты бастады.

Сенбі күнгі акцияда бірқатар тәртіп бұзушылық орын алды. Полицейлер ереуілшілерді көз жасаурататын газбен таратпақ болған кезде, Париждің орталық бульварында бір көлік пен бірнеше қоқыс жәшігі өртелді. Полиция қару ұстап жүру және вандализм сынды түрлі заң бұзушылықтар үшін 8 адам ұсталғанын мәлім етті.

Фото: Michel Euler/ The AP

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар