Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ЕО Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша қолдау көрсетеді - АРҚА АЖАРЫ

ЕО Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша қолдау көрсетеді

– Жексенбі күні Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Еурокомиссия баспасөз қызметі атап өткендей, Урсула фон дер Ляйен жақында болған жер сілкінісіне байланысты Еуропалық Одаққа көңіл айтып, Еуроодақтың Түркияны қолдау қадамдарын талқылады.

«Еуропалық комиссия әуелден түрік халқының жағында болды, жойқын жер сілкінісінен кейін өте тез жан-жақты қолдау көрсетті», — делінген Еурокомиссия мәлімдемесінде.

ЕО қазірдің өзінде азаматтық қорғау механизмі арқылы Түркияға айтарлықтай қолдау көрсетті: ЕО-ға мүше 21 мемлекет және ЕО-ның азаматтық қорғау механизміне (UCPM) қатысушы үш мемлекет 1651 адамнан және 106 іздестіру-құтқару иттерінен тұратын 38 әрекет ету тобын жіберді. ЕО-ға мүше он екі мемлекет паналау заттарын ұсынды (50 мың отбасылық қысқы шатыр, 100 мың көрпе және 50 мың жылытқыш). Еуропалық комиссияның төтенше жағдайларды жою жөніндегі үйлестіру орталығы RescEU резервінен 500 тұрғын үй ұйымдастырылды, сондай-ақ Румыния 2 мың шатыр мен 8 мың төсек-орын орналастырды.

Дағдарысты басқару жөніндегі еурокомиссар Янез Ленарчич Газиантеп қаласына (Түркияның оңтүстік-шығысы) барды.

Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Түркия президенті Режеп Ердоғанға ЕО атқарушы органы қосымша қолдау жұмылдыратынын және Түркияның шатырлар, көрпелер, жылытқыштар беру туралы өтінішіне жауап беретінін хабарлады.

Жедел көмек көрсетуден басқа, ЕК президенті Урсула фон дер Ляйен Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонмен бірлесіп Түркия мен Сирия халқын қолдау мақсатында халықаралық қауымдастық қаражатын жұмылдыру үшін донорлық конференция өткізеді.

Конференция түрік билігімен үйлестіріліп, наурыз айында Брюссель қаласында өтеді.

Арсен Өтешев

Фото: ArtJazz /Getty Images Pro

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар