— Ресейдің Омск, Қырғызстанның Бішкек және Үндістанның Дели қалаларында Қазақстан Республикасы Мәжілісіне депутаттарды сайлау үшін дауыс беру учаскелері ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Еске салайық, бүгін дауыс беру үшін бірінші болып (жергілікті уақытпен сағат 07.00-де, астана уақытымен 04.00-де) Оңтүстік Корея астанасы Сеулде және Жапония астанасы Токиодағы сайлау учаскелері ашылған болатын.
Сеулде алғашқы болып қазақстандық курсант Елнұр Асанов өз таңдауын жасады.