2023 жылғы 28 наурызда шамамен сағат 18:30 далалардан еріген қар суының ағып келуі нәтижесінде Лука Белаж көшесінде су тасып, кейін ол А.Островский және М.Әуезов көшелеріне ұласты.
Ақмола облысы ТЖ департаменті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қабылданған жедел шаралары арқасында аталған учаскеде инертті материалдар, сондай-ақ қапшықтар төселді.
ТЖ департаменті жеке құрамының 25 адамы, екі бірлік айдау техникасы жұмылдырылды, жергілікті атқарушы органдар инертті материалдар мен үйінділерді әкелу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қазіргі уақытта қауіп жойылып, еріген су сорылуда. Су басу қаупі жоқ.
Дереккөз: koksheinform.kz