Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда кәсіпкерден ақша талап еткен төтенше жағдай қызметкерлері сотталды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда кәсіпкерден ақша талап еткен төтенше жағдай қызметкерлері сотталды

– Ақмола облысында төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Т. және К. алаяқтық жасауға оқталғаны үшін сотталып, өмір бойына мемқызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Әрқайсысына 3 000 000 теңге айыппұл салынды.

Оған қоса, кінәлілер аға лейтенант және азаматтық қорғаныс капитаны арнайы атағынан айырылды.

«ТЖ басқармасының аға инженерлері Т. және К. қолында тиісті материалдары болмаса да, қоқыс өртенгенде оқиға орнына бармай, ЖШС басшысына әкімшілік жазаның айыппұл сомасының жартысын оларға берген жағдайда жауапкершіліктен құтылуды ұсынған. ЖШС басшысы қызметкерлердің әрекеті заңсыз екенін түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінді. Нәтижесінде олар 200 000 теңге сомасында ақша алған кезде ұсталды. Осылайша Т. және К. ауыр дәрежеде алаяқтық жасады (ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі)», – деді ведомстводан.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен атап өткендей, сотталғандар кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінген.

Олардың кінәсі куәгерлердің, жәбірленушінің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен расталды.

«Жәбірленушіге келтірілген залал толық өтелді.Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, күні кеше Көкшетау полиция басқармасы бастығының орынбасары да алаяқтық үшін сотталған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар