Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адам құқын қорғау өзекті мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Адам құқын қорғау өзекті мәселе

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Ақмола облысының прокуратурасында облыс прокуроры А.С.Майлыбаевтың төрағалығымен азаптауға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңеске облыстың Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Т.Т.Жұмағалиев, облыстық полиция департаментінің бастығы Д.Ә.Таев, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастығы А.Т.Рахимов, облыстық экономикалық тергеу департаментінің басшысы Н.Р.Төлеутай, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Д.Қ.Таженова, сондай-ақ, пенитенциарлық жүйенің және облыстың басқа да құқық қорғау, арнаулы органдарының басшылары қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаматтарға қатысты азаптауларды және тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілерін тергеуді тек прокуратура органдары жүргізетін болады.

Облыс прокуроры А.С.Майлыбаев азаптаудың орта ғасырлардағы тәсіл екенін және қазіргі дамыған қоғамда мұндай құбылыстарға жол берілмейтінін атап өтті, сондай-ақ, прокуратураның осы санаттағы қылмыстарды тергеудегі аса принципті ұстанымы туралы ескертті.

Пенитенциарлық мекемелерде және полиция бөлімдерінде азаптауды қолданудың ықтимал фактілерін болдырмау мақсатында «соқыр» жерлерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау бойынша шаралар қабылдануда.

Кеңес қорытындысы бойынша азаптаудың алдын алу бағытында нақты жоспарлы іс-шаралар мен мерзімдер бойынша бекітуге қол қойылды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар