Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанға ресейліктер ағылып келгеннің өзінде жағдай бақылауда болады - комитет - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанға ресейліктер ағылып келгеннің өзінде жағдай бақылауда болады – комитет

– Қазақстанға Ресей азаматтарының екінші толқыны келе ме? Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндеті атқарушы Ілияс Испанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Ресейде азаматтарды ішінара мобилизацияның бірінші толқыны болды. Біз Қазақстанға келген ресейліктердің ағынын байқадық. Оның дені – әртүрлі себепgен мобилизацияға қатысқысы келмеген азаматтар. Иә, бір мезгілде бірден көп адам ағылып келді. Ал қазір жағдай штаттық режимде. Күн сайын елімізге 7 ресейлік келіп-кетеді»,- деді Ілияс Испанов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Спикердің сөзіне сенсек, ресейліктердің былтырғы легінен кейін процесті бақылау механизмі реттелді.

«Ресей азаматтарының шекарадан өтуінен бастап, тоқтаған жеріне дейінгі процесс автоматтандырылды. Олар елімізде жүріп-тұру үшін уақытша тіркеуден өтеді. Өткен жылы келген ресейліктер Еуразия экономика одағы елдері арасында қабылданған жаңа ережеге сәйкес Қазақстанда 90 күннен артық бола алмайды. Осылайша аталған ел азаматтарына Қазақстанда белгіленген мерзім ішінде ғана болу тәртібін ескертеді. Елімізге Ресей азаматтары ағылуының екінші легі басталғанның өзінде транзитті қамтамасыз етеміз. Шекаралық және басқа да құзырлы органдар өткен жылғы жағдайдан біраз сабақ алды. Жағдай бақылауда болады», – дейді комитет басшысы.

Еске салсақ, былтыр күзде көші-қон комитеті Қазақстанға күнделікті келетін ресейліктер саны 2 есе артқанын хабарлаған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар