Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы ЗУМ платформасы арқылы 2023 жылғы 18-20 сәуірде «Туған өлкенің жер қойнауының байлығы» жас геологтардың байқауын өткізді.
Іс-шара білім алушылардың зерттеу және жобалау қызметін жетілдіруге, оқушылардың іргелі және қолданбалы ғылымдарға, атап айтқанда география, биология, геология, палеонтология, палеогеографияға қызығушылығын дамытуға ықпал етеді.
Байқауға 11 аудандарының, Қосшы және Степногорск қалаларының жалпы білім беру ұйымдарынан 28 оқушы қатысты.