Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан қандай азық-түлік импортына тәуелді - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан қандай азық-түлік импортына тәуелді

– ҚР Сауда және интеграциялар министрі Серік Жұманғарин еліміз қандай азық-түлік импортына тәуелді болып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің есебіміз бойынша, қазіргі уақытта мынадай импортталатын тауарларға тәуелдіміз: қант, тауық еті, ірімшік және сүзбе, сары май, күнбағыс майы, макарон өнімдері және маусымаралық кезеңде қырыққабат пен пияз. 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар 9 азық-түлік бойынша импортқа тәуелділік 16,2%-дан 55,9%-ға дейін және қант бойынша 90% көрсеткішке жетті», — деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, кейбір тауарлар бойынша халық өз тұтынуынан едәуір жоғары қамтамасыз етілген.

«Алайда, көрші нарықтардағы жағдайларға байланысты, әсіресе, көкөніс өнімдеріне агрессивті экспортты байқаудамыз. Біз ішкі нарықты қамтамасыз ететін және азық-түлік секторындағы дағдарыстарға төзімді саясатын құруымыз керек», — деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов азық-түлік қымбаттамау үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтқан еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар