Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кавказ бен Орталық Азия елдерінің басым бөлігінде инфляция шырқау шегіне жетті - ХВҚ - АРҚА АЖАРЫ

Кавказ бен Орталық Азия елдерінің басым бөлігінде инфляция шырқау шегіне жетті — ХВҚ

– Кавказ бен Орталық Азия елдерінің басым бөлігінде инфляция шарықтау шегіне жетті. Бұл жайында Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Субир Лалл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың ішінде инфляция артты. Және біздің пайымымызша, елдердің басым бөлігінде шарықтау шегіне жетіп, олардың кейбірінде төмендей бастады. 2022 жылы Кавказ бен Орталық Азия елдердің басым бөлігінде жалпы инфляция екі мәнді цифрға жетті», — деді Халықаралық валюта қорының «Өңірлік экономика келешегі: Таяу Шығыс және Орталық Азия» баяндамасын таныстырған Субир Лалл.

Дегенмен, оның айтуынша, 2023 жылы энергия тасымалдаушылардың артуы инфляцияның төмендеуіне алып келді.

Бұған дейін ХВҚ өкілі өткен жылы Кавказ бен Орталық Азия өңіріндегі елдердің экономикасы өсімдегі өте үлкен айырмашылықпен 4,8 пайызға артқанын айтқан еді. Мәселен. Арменияда өсім шамамен 12,6 пайызды құраса, ал Түрікменстанда шамамен 2 пайыз ғана болған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар