Ұйымдастырушы: | «Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ |
Орналасқан жері: | Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 404-бөлме |
Байланыс телефоны: | 87162-24-00-15, 87162-24-00-13. |
Өтінімдерді қабылдау нысанасы: | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 Қаулысы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. |
Өтінімдерді беру орны: | Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 404-бөлме |
Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: |
2023 жылдың 1 маусымнан бастап 2023 жылдың 15 маусымына дейін |
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: | 2023 жылдың 1 маусымнан бастап |
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: | 2023 жылдың 15 маусымына дейін
|
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз. |
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:
1 санат – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
– мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар,
– зейнеткерлер және зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар
– балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған интернаттардың тәрбиеленушілері (29 жасқа дейін)
– аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасыларға жататын ата-аналар
– ҚАЖ мекемелерінен босатылған,
– белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар,
– наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан өткен адамдар.
2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
– әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
– азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
– әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
– мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
– жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер;
– коммуникацияны арттыру, оңалту, әлеуметтік бейімдеу қызметтері, әлеуметтік сүйемелдеу бойынша қызметтер;
– медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу
– мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру
– қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары
– мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу
4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері:
– отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер;
– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру;
– мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, бал. және әлеуметтік. оқуда, дамытуда және әлеуметтік бейімделуде қиындықтарға тап болған адамдарға көмектесу;
– әлеуметтік оқыту. біліктілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік КЕҰ қызметкерлері мен еріктілері;
– мәдени-ағарту қызметі (Жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері)
– қоршаған ортаны қорғау;
– халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 411-бөлме (кеңсе) мекенжайы бойынша қабылданады.
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.