– Жоғары аудиторлық палата медициналық сақтандыру қорының қызметіне аудит жүргізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.
«Жоғары аудиторлық палатамен бірлесіп аудит жүргізу арқылы қор бөлімшелерінің қызметіне бақылауды күшейту жоспарлануда.
Келетін шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелерін ерікті медициналық сақтандырумен қамту жөнінде заңнамалық шешімдер қабылданды», – деді ол.
Министрдің орынбасары МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтері кезең-кезеңмен қайта қаралатынынң айтты.
«Медициналық сақтандырудың қазақстандық моделі әлемнің басқа дамыған елдері сияқты үш негізгі қағидаға негізделген. Бұл: әмбебаптық, әлеуметтік әділеттілік және ынтымақтастық. Осы үш қағидаттың қолданылуы азаматтарға табысына, тұрғылықты жеріне және әлеуметітк мәртебесіне қарамастан денсаулық сақтаудың тең құқықтарын береді», – деді вице-министр.