Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ортақ міндеттер белгіленді - АРҚА АЖАРЫ

Ортақ міндеттер белгіленді

Ақмола областық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіповтің Зеренді ауданына жұмыс сапары өлкетану мұражайының жоспарланған құрылыс орнын тексеруден басталды.

Аудан әкімінің орынбасары Әсет Құрманғожин мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Рүстем Жұмабековтың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама дайын, қаржыландыру мәселесі ғана қалды. Бірақ жоба қымбат болғандықтан, мұражай салуға қаражатты  аудан облыстық бюджеттен сұрап отыр.  Бұл мәселеде олар облыстық мәслихат депутаттарынан қолдау күтуде.

Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықовпен кездесуде ағымдағы жағдай, шұғыл шешуді талап ететін, оның ішінде облыстық бюджеттен қаржыландыруды қажет ететін өңірдің проблемалық мәселелері талқыланды.  Осы сұрақтардың бір бөлігі Зеренді ауданының депутаттық корпусымен кездесуде айтылды, оған облыстық мәслихат депутаты Қайрат Ауғалиев те қатысты.  Аудандық мәслихаттың облыстық мәслихатпен өзара іс-қимыл, депутаттардың жұмысын күшейту жөніндегі бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар қаралып, алдағы кезеңге ортақ міндеттер мен түйісу нүктелері  белгіленді.

Сонымен қатар, мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов «АМАNAT» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады. Қабылдауға ауданның төрт тұрғыны жазылды.

Үш баланың анасы Д. Наурызова балалар алаңының жоқтығы туралы мәселені көтерді. Бейбіт Айтымұлы ағымдағы жылы облыстық бюджеттен ойын алаңын орнатуға 16,7 млн теңге бөлініп, конкурс жарияланғанын хабарлады, әлеуетті мердігерлерден өтінімдерді қабылдау 23 маусымға дейін жалғасады.

Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Баратай ауылдық клубының қызметкері Г. Ибраева 20 жылға жуық ветеринарлық жұмыс өтілі бар жұбайын жұмысқа орналастыру туралы өтінішпен келді.  Бұл сұрақты Бейбіт Айтымұлы ветеринария басқармасының басшылығымен сөйлесуге уәде беріп, жеке бақылауға алды.

Зеренді қаласындағы «Балауса» балабақшасының ғимаратын және Гранитный ауылындағы спорт залын жөндеу бойынша өтініштерге қатысты мәселелер де оң шешілетін болады. Осы екі нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын, қаржыландыруға өтінімдер облыстық білім басқармасына жолданды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар