Жуырда Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері 2023 жылға арналған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуының барысы мен мәдениет саласындағы өзекті және проблемалық мәселелердіқарады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін апта сайын тыңдау тәжірибесі осы отырысқа қатысқан Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіповтің бастамасымен енгізілді.
Тұрақты комиссияның төрайымы Айнагүл Балташева облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитоваға сөз беріп, басшы есебінде ағымдағы жылы жетістіктер мен жоспарланған іс-шаралар, соның ішінде мәдениет объектілерін салу, күрделі және ағымдағы жөндеу, түрлі жабдықтар, көркем әдебиет кітаптарын сатып алу көрініс тапты. Мұның бәріне көп қаражат қарастырылған, бюджеттік өтінімдер экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жіберілген.
Депутаттарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына қаржыландыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалануға болатын ауылдық елді мекендерде бірқатар объектілерді салудың орындылығы туралы көптеген сұрақтар болды. Жалпы, аталған мемлекеттік органның есебінде толық ақпарат берілген жоқ деп атап өтілді, тиісінше тұрақты комиссия мүшелері ведомство басшысын қайта тыңдауға шақыратын болды.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина халықты жұмысқа орналастыру, жәрдемақы беру тетігі, Аграрлық кредиттік корпорация арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар бөлу туралы айтып берді.
Екі ведомство басшыларын тыңдау қорытындысы бойынша барлық ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, тиісті қаулы қабылданды.Облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов өз тарапынан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша «Халықпен бірге!» атты Жол картасының жобаларына назар аударуды сұрады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.