Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаудағы пікірсайысшылар додасы - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаудағы пікірсайысшылар додасы

Көкшетау қаласында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында дәстүрлі республикалық «SHOQAN CUPII» пікірсайыс турнирі өтті. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанынан құрылған «Зияткер» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәжірибелі пікірсайысшылар мен жас пікірсайысшылар қатысты. Іс-шараны проректор ЖайлагүлСағындықова ашып берді.

Пікірсайыстаәлемдік және еліміздегі болып жатқан жағдайлар бойынша көзделген мәселелер қаралды. Қазақ тарихындағы батырлардың қоғамда дәріптелуі, ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлердің жазасын өтеуі, желідегі қарым-қатынастар, балалар тәрбиесінде мектеп пен отбасы құндылықтарының рөлі. Сонымен қатар, жастардың бойында коммуникативтілікті арттыру, командада жұмыс істей білу сынды қасиеттерді қалыптастыру көзделді. Командалардың ішінде микс қатысушылар да болды. Бұл өңірлердегі пікірсайысшылардың бір-бірімен қарым-қатынастарының өте жақсарып келе жатқанын көрсетеді.

Аталған мәселелер бойынша қатысушылардың тарапынан мәселенің шешу механизмі мен тың идеялар ұсынылды. Турнир жеңімпаздарына жүлде қорына 475 мың теңге көлемінде ақша бөлінді.

Шарада Шоқан Уәлиханов университетінің талантты жас әншілері Марлен Сәрсенбайұлы, Арай Жақсылық және жас ақын Марлен Берденбек өнер көрсетті. Бас төреші Жандос Тайлақов және ұйымдастырушы Мафтуна Нажиева болды.

Пікірсайысқа Қостанай қаласынан –«Ахмет ұрпақтары» және «Парасат», Павлодар қаласынан «Ақиқат» және «Президент», Семей қаласынан «Салауат» және «Парасат», Астана қаласынан «Жеті жарғы», «Аманат» және «Парасат», Шымкент қаласынан «Риторика» және «Ақиқат»,  Атырау қаласынан «Сенатор»,  Қарағанды  қаласынан –«ҚарМУ ПК» және «Самұрық», Петропавл қаласынан – «Шың», Рудный қаласынан «Рудный пікірсайыс орталығы» және тәуелсіз пікірсайысшылар қатысты.Турнир соңында негізгі алаңда: 1-орынды Нұрбахыт Исахан, Жұлдыз Жүнісова (Семей/Астана); 2-орынды Ролан Мұхитжан,Аяулым Мұқанова (Павлодар); 3-орынды Дидар Серік, Рабиға Пазылханқызына (Астана/Қарағанды) бұйырды. Финалист «Өмірлерің таңқұрай болмасын деп» фракциясы Рүстем Арманов, Дәулет Оразбаев (Петропавл/Ақтөбе) иеленді. Сонымен қатар, пікірсайыс додасына қатысушылар мен белсенді ұйымдастырушылар да «Үздік гид», «Үздік делегация», «Үздік пост», «Үздік төреші», «Үздік спикер», «Үздік фракция» аталымдары бойынша марапатталды.

Пікірсайыс турнирлерінің жиі өткізілуі жастардың саяси көзқарастарының дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Осындай өткір тілді, ұшқыр ойлы  пікірсайысшыларға алдағы уақытта да жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!

Мафтуна НАЖИЕВА,
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің
3- курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар