Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зейнеткерлер мүлік салығын төлей ме - АРҚА АЖАРЫ

Зейнеткерлер мүлік салығын төлей ме

– «Зейнеткерлер жеке тұлғалардың мүлік салығынан толығымен босатылатын». Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салық кодексіне сәйкес бөлек тұратын зейнеткерлер заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде босатылады. Есептеу барысында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiш мөлшері қолданылады.

Сонымен қатар, келесі тұлғалар да жеке тұлғалардың мүлік салығынан:

1) айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде – Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағымен және «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;

2) айлық есептік көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында белгіленген өзге де тұлғалар босатылады.

Айта кетсек, 2022 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылдың 1 қазанында аяқталады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар