Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үлкені немесе жеткіншегі суға кетіп, қара жамылған шаңырақтар бар - АРҚА АЖАРЫ

Үлкені немесе жеткіншегі суға кетіп, қара жамылған шаңырақтар бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Дәлешов пен  азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Ақылжанов шомылу және өрт қаупі кезеңі бойынша өткен аптадағы жағдайды баяндап берді.

Жыл бойы судағы адамдардың қауіпсіздігі департамент және жергілікті атқарушы органдар үшін маңызды міндет болып табылады. Осыған байланысты, өңірдегі су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша бірлескен іс-шаралар кешені жүргізілуде.

−2023 жылдың басынан Ақмола облысының аумағында 567 өрт тіркеліп оның салдарынан 16 адам қаза тапты. Өртті сөндіру кезінде 16 адам құтқарылды, оның ішінде 6 бала, 11 адам эвакуацияланды. Өрт қауіпі кезеңі басталғаннан бері облыста 3 651,9 гектар  алаңда орман өрттерінің 81 жағдайы тіркелген.

Облыстың орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мобильді топтар 66 рейдтік іс-шаралар және 18 авиапатрульдеу өткізді. Орман-дала өрттерін болдырмау үшін мобильді топтар 1194 рейдтік іс-шара өткізіп, оның барысында 137 адамжалпы сомасы 2,6 миллион теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департамент мамандары  азаматтар мен қонақтарды сақтық шаралары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ұмытпаған жөн,−деді Думан Дәлешов.

Биылғы жылы облыста 31 стационарлық бассейн жұмыс істеуде.Судағы адамдардың өліміне жол бермеу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында «Эко парк», «Жас Отан», «Қызыл крест», азаматтық қорғау колледжі, «Феникс» және «Жаңа толқын» жастар қанаты мен басқа ұйымдардан 2572 ерікті тартылды. Облыс бойынша азаматтардың демалысы үшін қауіпсіз инфрақұрылым мен қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасуда.

−Облыстың су айдындарында жыл сайын  30 шақты адам қаза табады.Соның басым көпшілігі жазғы кезеңдегі шомылу маусымына дөп келеді. Соңғы төрт жылда облыс су айдындарында жазатайым оқиғалар кезінде 64 адам мерт болды. Сонымен бірге, биылғы шомылу кезеңінде суда қаза болудың 10 фактісі тіркелді. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептеріне мас күйінде суға түсу, терең жерлерге бару, суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде өз күштерін асыра бағалау сынды факторлар жатады.Департамент қызметкерлері облыс азаматтары мен қонақтарын қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ, осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеуге, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеуге, тыйым салынған жерлерде суға түспеуге  және суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеуге шақырады, деді өз сөзінде Асхат Ақылжанов.

Демек, осы сөздерге әрқайсымыз құлақ асуымыз керек-ақ. Сонда үлкені немесе баласы суға түсіп опат болып, қараптан-қарап кей шаңырақ қара жамылып қалмас еді-ау.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар