Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаз айларында өрт қауіпі әлі күшінде. Сондықтан, сақ болайық - АРҚА АЖАРЫ

Жаз айларында өрт қауіпі әлі күшінде. Сондықтан, сақ болайық

 Ақмола облысы төтенше жағдай департаменті басқармасының бас маманы Абылайхан Шәріпов  өңірлік  коммуникациялар  қызметінде өткен брифингте облыстағы өрт қауіпті кезең және егін жинау науқаны кезіндегі қауіпсіздік ережелері  туралы баяндап берді.

Ақмола облысында жұмыс жоспары бойынша жаздық егіс 5,3 миллион гектардан астам алқапта жүргізілді, онда 1,3 миллион тонна шөп дайындау жоспарлануда. Облыста машина-трактор паркінің техникалық жарақтандырылуы ерекше рөл атқарады. Жалпы, ағымдағы жылда егін жинауға 8,9 мың бірлік астық жинайтын комбайн, оның ішінде 4,7 мың бірлік  қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, 2,6 мың бірлік  орақ және 4,8 мың жүк автомобильдері қатысатын болады. Машина-трактор паркін жаңарту тұрақты негізде жүргізіледі. Брифинг барысында Абылайхан Шәріпов өрт қауіпті кезеңде тіркелген  өрт жағдайлары мен олардың алдын алу үшін қабылданып жатқан  шаралар  жөнінде  тарқатып айтты.

− Жалпы, өткен өрт қауіпті кезеңде 4093 гектар алқапта 96 орман өрті, 6 100 гектар алқапта 6 дала өрті және 313 гектарға 39 шөп өрті тіркелді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен қарағанда орман және шөп өрттерінің төмендегендігін көрсетеді. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын бұзу жағдайлары бар. Атап айтсақ, өрт қауіпсіздігі қағидаларының 995 тармағы 5 тармақшасы, яғни, трактормен шабындық жұмыс кезінде МТЗ-80 тракторының сөндіргішінде ұшқын сөндіргіш орнатылмағаны анықталды. Нәтижесінде құқық бұзушылар 1-бөлімнің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінде департамент тарапынан халықты ақпараттандыру және оқыту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі кең ауқымды жұмыс жүргізілуде, – деді ол.

Өрт қауіпті кезең басталғалы БАҚ-та ақпараттық және профилактикалық сипаттағы 4 141 сөз сөйлеу өткізілді. Сонымен бірге, елді мекендерде өрт қауіпті кезеңге саны 1 022 адамды құрайтын  210 ерікті өртке қарсы құралым дайындалды.  Өртті тоқтату үшін 55 бірлік негізгі және 396 бейімделген өрт техникасы, 70 өрт мотопомпасы, мыңнан астам өртке қарсы құралдар бар.

Сонымен бірге, орман өрттерін уақытылы анықтау бойынша пәрменді іс-шаралардың бірі ормандарды құрлықта да, авиацияда да патрульдеу болып табылады. Осыған орай, өрт қауіпті кезеңде Ақкөл, Зеренді, Бурабай аудандарында облыстың жеті ауданының аумағында орман алқаптарының авиапатрульдеуді жүзеге асыратын «Қазавиаорманқорғау»акционерлік қоғамының үш авиакомпаниясы  орналастырылуы жоспарлануда. Табиғи өрттердің ошақтарын уақытылы анықтау үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамының ғарыштық мониторингі пайдаланылады.

− Сондай-ақ, жер үсті патрульдеу үшін облыс аумағында төтенше жағдай департаменті, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, жергілікті полиция қызметі және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің қатарынан 214 адамнан тұратын 56 мобильді топ құрылды. Олар облыс аумағында өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін сақтау тұрғысынан орман және дала алқаптарын қоса алғанда, азаматтардың қала сыртындағы демалыс орындары бойынша рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады. Шабындық кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігінің мынадай ережелерін сақтау қажет. Егін жинау басталғанға дейін оған қатысқан барлық адамдар өртке қарсы нұсқаулықтан өтеді. Ал, жинау агрегаттары мен автомобильдер әрқайсысы бес литрден кем дегенде екі өрт сөндіргішпен жабдықталады.  Сондай-ақ, олар жарамды ұшқын сөндіргіштерімен жабдықталады, олардың қуат, тұтану және майлау жүйелері реттеледі, − деп атап өтті спикер.

Бұдан басқа, автотракторлық техниканы дала жағдайында арнайы алаңдардан тыс жерде сақтауға және мұнай өнімдерімен толтыруға жол берілмейді. Олар құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстардан тазартылуы, сондай-ақ, ені кемінде төрт метр жолақпен жыртылуы керек. Ауыл шаруашылығы техникасының кабинасында және шанағында тез тұтанатын заттарды сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді. Қозғалтқыш бөлігін, ауыл шаруашылығы техникасының тораптары мен агрегаттарының бөліктерін таза ұстау керек, жанғыш сұйықтықтардың тамшыларын дереу жою қажет.

− Егіс науқаны, дәнді дақылдарды жинау және жемшөп дайындау кезеңінде тракторлардың, өздігінен жүретін шассилердің және капотсыз немесе ашық капоттары бар автомобильдердің жұмысына жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы техникасының жарамды ұшқын сөндіргіштерсіз жұмыс істеуіне тыйым салынады, деді Абылайхан Шәріпов.

Қамыс пен құрғақ өсімдіктері шабу тек экономикалық және өндірістік қажеттілік жағдайында және өрттің пайда болу қаупін азайту мақсатында жасауға рұқсат. Спикер сөзін түйіндей келе, азаматтар мен қонақтарды сақтық шаралары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырып, оларды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар