Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Гиннесс кітабының рекордсмені, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми амбассадоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Сергей Цырульниковтың бастамасымен Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында үстел үсті зияткерлік ойындары бойынша «Зияткерлік сынып – конструктор» ашылды.
Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің базасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ үстел үсті зияткерлік ойындары бойынша сыныптың салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты ашылу рәсіміне «Зияткерлік сынып – конструктор» жобасының авторы, атақты Қажымұқан, Балуан Шолақтың ізін жалғастырушы Сергей Цырульников, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Айткужинова, «Балалар Евровидениесі-2021» финалисті Бекнұр Жәнібекұлы, спортшылар, жастар және басқалар қатысты.
Мектеп оқушылары өздерінің зияткерлік әлеуетін іске асыруға, дамытуға, жаңа биіктерге ұмтылуға мүмкіндік алды. Шынында да, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындары логиканың дамуына, қораптан тыс ойлау, бірнеше қадам алға ойлау қабілетіне ықпал етеді.
Балаларға және мектептің барлық ұжымына сәттілік тілейміз!
«Зияткерлік сынып-конструктор» жобасы Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі балалар мен жасөспірімдер арасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындарын тарату үшін бей-жай қарамайтын қазақстандықтардың күш-жігерін біріктіреді. Жоба аясында құрылған арнайы сыныптар балалардың, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың ой-өрісін кеңейтуге және жаңа мүмкіндіктер болуына мүмкіншілік береді.
Жобаны танымал спортшылар, депутаттар, қоғам қайраткерлері қолдады және бұл тең және инклюзивті қоғам құруға бағытталған күш-жігердің бір бөлігі болып табылады.
Дереккөз: www.gov.kz