Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Германия төрткүндік жұмыс аптасын сынақтан өткізуде - АРҚА АЖАРЫ

Германия төрткүндік жұмыс аптасын сынақтан өткізуде

– Қыркүйектен бастап неміс компаниялары экспериментке қатысуға өтінім бере алады: оның 50-ден астамы таңдап алынып, төрткүндік жұмыс аптасына көшуге қатысты кеңес беріледі. Олар мұндай режимде 2024 жылдың ақпанынан бастап жарты жыл жұмыс істейді. Қызметкерлердің жалақысы өзгермейді, тәжірибеге көлемі әртүрлі компаниялар қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deusche Welle басылымына сілтеме жасап.

Бұл, Германиядағы ең ірі эксперимент болғалы тұр. Мұнда жұмыс уақытын қысқарту өте қиын. Аустралия, Исландия мен Ұлыбритания осындай үлгіні сынақтан өткізіп жатқанда Германияның бірқатар кәсіпкері мен саясаткерлері мұндай тәсіл тиімсіз екенін, экономиканы құлдырататынын айтқан болатын. Шын мәнінде қалай болатынын енді тексеріп көруге мүмкіндік бар. Intraprenör консалтинг компаниясы мен Мюнстер университетінің ғалымдары тесттен кейін тәжірибе нәтижелеріне баға береді.

Айта кетсек, Ұлыбританияда өткізілген осыған ұқсас тест төрт күн жұмыс істейтіндердің бес күн істейтіндерге қарағанда өміріне көңілі толатынын және дені сау екенін көрсеткен. Мәселен, олар ауырғанына байланысты демалысты сирек алады. Экспериментке қатысқан британдық компаниялардың табысы шамамен 1,4 процентке артқан. Осы үлгіні сынақтан өткізген 10 компанияның 9-ы ары қарай осы тәсілді жалғастыра беруді шешті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар