«ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық көрмесі аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен кездесті. Тараптар экономика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім және мәдениет салаларындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды талқылады.
Ақмола облысы бүгінгі таңда Татарстанмен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұған мысал ретінде облысымызда жылына өндірістік қуаты 1500 жүк автокөлігін құрастыруға жететін «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнын келтіруге болады.
Бұл тек облыстың ғана емес, еліміздің де жүк және мамандандырылған техникаға деген қажеттілігін өтейтін ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі.
Сондай-ақ, білім беру саласында да бірлескен жобалар бар. Мәселен, өткен жылы тәжірибе алмасу үшін Көкшетау қаласының «Білім-инновация» лицейінің педагогтары Татарстан Республикасында болып келді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.