Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірдің өңі жақсарып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Өңірдің өңі жақсарып келеді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты.

Құрылысы қарқынды жүріп жатқан Жібек жолы ауылында болған өңір басшысы 150 орындық демалыс аймағында болды.

«Азамат Құрылыс» серіктестігі жұмысты тиянақты аяқтап, ғимаратты келесі жылы пайдалануға береді, – деп уәде берді жоба жетекшісі Мәлік Қасымжанов.

Құрылыс жұмыстары өз ретімен жүргізілуде. Бір айта кетерлігі, екі демалыс орталығында гимнастика және би залдары, әртүрлі шығармашылық үйірмелерді ұйымдастыруға арналған бірнеше кабинет орналасады.

–Инфрақұрылымдық нысандардың барлығы кез-келген елді мекеннің ажарын көрсететіндей тартымды болуы керек. Сондықтан, ғимараттың кіреберісін жақсылап жасаған жөн, – деді облыс әкімі.

Ауылдағы медициналық пунктте де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда алты мыңға жуық адам тіркелген. Медициналық пункт бүгінгі күннің талабына сай жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, офтальмология, стоматология, акушерлік, гинекология және тағы басқа кабинеттер жабдықталмақ.

– Медицина қызметкерлерінің негізгі жергілікті жерден. Оған қоса білікті мамандарды Астанадан шақыртудамыз. Алдағы уақытта қала мен ауыл медицинасы арасындағы деңгейді теңестірмекпіз. Бұл өте маңызды. Медициналық көмек қашанда қолжетімді болуы керек. Ғимарат келер жылы толық аяқталып, пайдалануға берілсе, халыққа көрсетілетін қызмет те жақсарып сала береді, – дейді «Эндохирургиялық клиника» ЖШС-нің құрылтайшысы Салтанат Женалаева.

Ауылдық жерлерде медицина қызметкерлерінің жетіспейтіндігі белгілі. Мәселеге осы тұрғыдан келген ауданда жағымды жаңалық бар екен.

– Биыл ауданға 11 маман келді, тағы 8 дәрігер қажет. Сондай-ақ, автопаркімізді жаңартуды жоспарлап отырмыз, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков.

Тағы бір маңызды нысан Жалтыркөл ауылында салынуда. Мұнда 300 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Ғимараттың шатыры жабылып, ішкі әрлеу, инженерлік желілерді тарту, абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

Өңір басшысы Марат Ахметжанов аудандағы ірі кәсіпорындардың бірінен саналатын құрылыс индустриясы, яғни, өңдеу өнеркәсібін аралады. «SG Beton» зауыты шамамен 15 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Кәсіпорын заманауи құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Зауыт темір-бетон бұйымдарын өндірудің озық технологияларын пайдаланады. Мұнда жол плиталары, баспалдақтар, линтельдер, панельдік плиталар және іргетас блоктары құйылады. Отандық жоғары сапалы құрылыс материалдары сұранысқа ие. Негізінен елорданың құрылысшылары осы материалдарды кәдесіне жаратуда.

– Кәсіпорынның құрылысына 16 миллиард теңге жеке қаражат бағытталған. Аталмыш зауыт немістің «Maxtruder» компаниясының қондырғыларымен жабдықталған. Толық автоматтандырылған, – деп түсініктеме берді серіктестік директоры Амангелді Кәкібаев.

«SG Brick» ЖШС кірпіш бұйымдарын шығаратын зауыт та облыс экономикасының дамуына өз үлесін қосуда. Зауыт жылына 120 миллион данаға жуық кірпіш шығарады.

Сапар барысында испандық «Beralmar» жабдығы арқылы керамикалық кірпіш өндірудің толық циклі, сондай-ақ, өнімнің сапасына қатаң бақылау жүргізілетін зертхананың жұмысы көрсетілді.

Облыс әкімі Жібек жолы ауылындағы полицияның тірек пунктінде болды. Облыста алғаш рет қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «BriefCam» бейнесараптама жасайтын жаңа заманғы камералар орнатылуда. «Azia-Tech» серіктестігінің өкілі Эмиль Ганбаровтың айтуына қарағанда, мұндай заманауи техникалар орын алған оқиғаларды  жедел тіркеп, себеп-салдарын анықтауға өте қолайлы.  Ауылға 93 стационарлық және 4 жоғары жылдамдықты айналмалы камерасы орнатылады. Ұсынылып отырған «VideoXpert» бейнебақылау жүйесі Көкшетау қаласы бойынша орталық басқару орталығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ахуалдық орталығымен біріктірілген.

Облыс әкімі  біртұтас қызмет көрсету орталығын құрып, жұмыс істеп тұрған барлық камераларды бір ортақ жүйеге біріктіру керектігін атап өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы 27 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы барысымен және №1 қазандықтың жұмысымен танысты. Одан әрі Кітапханашы күні болуына байланысты рухани әлемнің орталығы –  аудандық кітапханада болды. Ауданда алғашқы кітапхана 1935-1936 жылдары жұмыс істей бастаған. Бүгінгі таңда аудан кітапханаларында бес үйірме мен 15 тақырыптық клуб жұмыс істейді. Оған қоса коворкинг орталығы ашылған.

– Бұл кітапханаға бірінші рет келіп тұрған жоқпын. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, зор денсаулық тілеймін. Кітапханашы – құрметті мамандық, өйткені, кітапхана – мәдениет ошағы, ой мен білімнің қайнар бұлағы, сананың тірегі. Мұнда рухани даму мен тұлғалық өсуге мүмкіндік мол, – деп түйіндеген облыс әкімі жеке кітапханасынан Әл-Фарабидің 10 томдық кітабын сыйға тартты.

Кездесуде түйткілді мәселелер де сөз болды.

– Облыс тау-кен өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, астық өндіру, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатындығы белгілі. Мал саны өсіп, ет, сүт өндіру көлемі артып келеді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,8 мыңға жетті, инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есеге көбейіп, 122,1 миллиард теңгеге жетті. Бірінші жартыжылдықта орташа еңбекақы деңгейі 265,7 мың теңге болды, – деп хабарлама жасады аудан әкімі Мұрат Балпан.

Бірқатар салаларда ілгері басу болғанымен, олқылықтардың орын алып отырғаны да жасырын емес. Мәселен облыс әкімі Марат Ахметжанов аршалылықтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуге құлықсыздығы туралы айтып өтті. Елордаға іргелес қоныстанған елді мекендердің көптеген тұрғындары астаналық болып тіркеуде тұруды жөн көреді. Ал, бұл ауылдардың даму қарқынына әсер етеді.

– Мысалы, 10 мың адам тіркелген елді мекенде іс жүзінде 30 мың адам тұрады. Егер бүкіл халық тұрғылықты жері бойынша тіркелсе, әлеуметтік саланы айтарлықтай жақсартуға болар еді. Яғни, қосымша мектеп, медициналық мекеме, мәдениет және спорт нысандарын салу қарастырылар еді. Әзірше қолымыз байлаулы. Сондықтан, тұрғындармен жұмыс істеп, бұл орайдағы мәселенің мәнісін түсіндіру керек, – деп түйіндеді өз ойын облыс әкімі.

Аршалы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны өткен жылдармен салыстырғанда біршама жақсарып келеді. Өңірдің өңі салтанатты кейіпке еніп, тұрмысы түзу болса, тұтас елдің мерейі үстем.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Наталья ЯКОВЛЕВА,

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар