Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мыңдаған жаңа туған балалар 2023 жылы ayala қорының жабдықтарында диагностикаланды - АРҚА АЖАРЫ

Мыңдаған жаңа туған балалар 2023 жылы ayala қорының жабдықтарында диагностикаланды

Жыл соңында Көкшетауда «AYALA» қайырымдылық қоры жыл сайын жүздеген жаңа туған баланы көру қабілеті бойынша мүгедектіктен құтқаруға көмектесетін «Forus NEO» ретиналды камерасын тапсырды. Бұл осы қайырымдылық ұйымы Қазақстанның медициналық мекемелеріне берген алтыншы ретиналды камера. Бұл диагностикалық жабдықты сатып алу үшін «Камаз Инжиниринг», PTC Holding және VILED Group компаниялары қайырымдылық көмек көрсетті. Сонымен қатар, оларға «AYALA» қорының бокстарында және QR-коды арқылы жиналған қайырымдылық жарналары қосылды.

«Көпбейінді облыстық аурухананың Перинаталдық орталығына Көкшетау қаласынан да, облыстан да, жақын маңдағы өңірлерден де жаңа туған нәрестелер келіп түседі. Жыл сайын шала туған балалардың саны геометриялық прогрессияда көбеюде. Біз соңғы 3 жылда диагностикамен және ерте офтальмологиялық скринингпен белсенді түрде айналысып келеміз. Тек 2023 жылы ғана шала туған нәрестелерде 56 ретинопатия жағдайы анықталды. Осы уақыт ішінде біздің қызметкер – Әйгерім Мұратқызы Жұматаева «Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы» бойынша біліктілікті арттырудан өтті. «AYALA» қорының арқасында Перинаталдық орталық шала туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте анықтауға және балалардың көру қабілеті бойынша асқыну мен мүгедектікті болдырмауға көмектесетін ретиналды камерамен жабдықталды», – деді Көпбейінді облыстық аурухананың директоры Нұрлан Қайырұлы Жаров.

Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық перинаталдық орталығына көмек көрсетуге бірінші болып «Камаз Инжиниринг» компаниясы ниет білдірді, ол 1 000 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық көмекті аударды. Содан кейін PTC Holding қызметкерлері қыркүйек айында осы игі істі қолдау үшін Astana Marathon-да жүгірді. Ал компанияның осы ірі жүгіру оқиғасына қатысқаны үшін 1 150 000 теңге көлеміндегі жарнасы алғашқы жиналған миллионға қосылды. Сәуірден қыркүйектің аяғына дейін VILED Group қорға қайырымдылық мерчін сатудан түскен 717 552 теңге көлеміндегі қаражатты AYALA қорына аударды, біз оны жиналған қаражатқа қостық. Қор қазақстандықтардан бокстар, Kaspi-дегі QR-код бойынша аударымдар арқылы, Vlife мобильдік қосымшасындағы қайырымдылық жарналары арқылы 23,7 миллион теңгеден астам қаражат тарта алды.

«Бұл жобада біз бүкіл Қазақстанды қайырымдылыққа тарта алдық, өйткені біздің бокстарымыз бен QR-код көрсетілген тақтайшаларымыз бүкіл ел бойынша Qazaq Oil АЖҚС желісінде тұр. Біз қорға ірі бизнес пен жүздеген мың қазақстандықтың сенім артып отырғанына қуаныштымыз. Небәрі жарты жыл ішінде біз бюджет бойынша және маңыздылығы жағынан осындай үлкен жобаны іске асыра алдықБіздің диагностикалық қондырғымыз Көкшетаудағы Облыстық перинаталдық орталықта кемінде 5 жыл жұмыс істейтін болады. Осы уақыт ішінде дәрігерлер Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген жүздеген нәрестелердің көз ауруларын анықтай алады. Дер кезінде жасалған диагностика – туған кезінен бастап көру қабілеті бойынша мүгедектіктен құтқарудағы табыстың жартысы. Біз осы медициналық мекемені заманауи қолайлы және қарапайым ретиналды камерамен жабдықтауға көмектескендерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Алдағы Жаңа жылда сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін», – деп атап өтті «AYALA» қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

«Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы» жобасын жүзеге асырудың екі жылында «AYALA» қоры 326 914 960 теңге қаражат тартып, Қазақстанның мемлекеттік медициналық мекемелеріне шала туған нәрестелердің ретинопатиясына байланысты нәресте мүгедектігін төмендету үшін 5 лазерлік қондырғы, 6 ретиналды камера, 14 офтальмоскопты және «Луцентис» препаратының 84 құтысын қоса алғанда, диагностикалық және лазерхирургиялық медициналық жабдықтың 25 бірлігі сатып алуға жұмсады.

«Аяла» қорына және құрметті Айдан Төлеутайқызы Сүлейменованың жеке өзіне облысымыздың Перинаталдық орталығына берілген ретиналды камера үшін алғысымды білдіргім келеді. Әсел Үсенбайқызы Шариповаға шала туған нәрестелердің ретинопатиясын анықтау мен емдеудегі тәжірибесі мен білімі үшін алғыс айтқым келеді. Ретиналды камераның арқасында біз шала туған нәрестелердің ретинопатиясын анықтап қана қоймай, аға әріптестерімізбен кеңесіп, өңіріміздің алған тәжірибесімен бөлісе аламыз», – деп түсіндірді офтальмолог дәрігер Әйгерім Мұратқызы Жұматаева.

Қордың көмегінің арқасында Қазақстанның 17 Перинаталдық және ғылыми орталықтары 2023 жылы 4322 жаңа туған нәрестенің көзін тексерді, оның ішінде 1210 балада ретинопатия анықталды. «AYALA» қоры берген жабдықтарда ретинопатия бойынша тәуекел санатындағы шала туған сәбилердің 100% скринингпен қамтамасыз етілді,
340 балаға офтальмолог дәрігерлер көз торын лазеркоагуляциялау отасын уақытылы жасап, көру қабілетін сақтап қалды.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар