Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, Ақмола облысында 2023 жылы 1 мың шақырымға жуық жол жөнделсе, 2024 жылы билік 120 жол жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Құрылыс-монтаж жұмыстары елордаға іргелес ауылдардың, моно және шағын қалалардың, Щучье-Боровое курорттық аймағының, елді мекендердің көлік инфрақұрылымын дамытуға, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары және т.б. салу және жөндеуге байланысты бірнеше бағдарламалар аясында жүргізілгені нақтыланды.
Облыстық басқармада атап өткендей, ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар жолдарды салу және жөндеу бойынша 120-дан астам жобаны көздейтін дәл осындай бағдарламаларды жүзеге асыру аясында облыстың жол желісінің жағдайын жақсарту жұмыстары жалғасады. Ақмола облысының елді мекендеріндегі жол желілерін салу және жөндеу бойынша жұмыстардың негізгі көлемі жалғасады.
«Щучинск – Степняк – Уәлиханов, Астана қаласының Шығыс айналма жолы – Сарыоба станциясы, Бабатай – Волгодновка – Береке – Бұлаксай, Жалтыр – Макинск, Жаңа Колутон – Ақкөл – Азат-Минское, Щучинск – Николаевка, Бурабай-Қатаркөл, Қорғалжын – Арықты-Сабынды, Жақсы – Державинск, Есіл – Свободное – Раздольное, Жолымбет – Шортанды – Пригородное және т.б сияқты автожолдардың маңызды учаскелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша ірі жобаларды жалғастыру жоспарланған», – деп хабарлады автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының орынбасары Александр Рублевский.
Бұрынғыдай жолдарды сапалы әрі уақтылы салу және жөндеу мәселесі тұрақты бақылауда болады, деп сендірді облыстық ведомствода.
Атап айтқанда, Ақмола облысындағы жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен 8 мың шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2,3 мың шақырым, облыстық маңызы – 2,7 мың шақырым, аудандық маңызы бар — 3 мың шақырым.
Дереккөз: www.gov.kz