Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық педагогтар кадрлық резервке енді - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық педагогтар кадрлық резервке енді

Облыс аумағындағы білім беру мекемелерінің 8 педагогы республикалық кадр резервіне енді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кадр резервін қалыптастыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында Оқу-ағарту министрлігі «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл жоба пилоттық режимде іске қосылуда.

Бастапқыда жобаға қатысуға 8068 адам тіркеліп, оның 2809-ы арнайы тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижелері бойынша оқуға ұсынылған үміткерлердің сараланған тізімі қалыптастырылып, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 208 үміткер басшылардың республикалық кадр резервіне енгізілді.

Ақмола облысының білім беру мекемелерінен республикалық кадр резервіне 8 үміткер еніп отыр. Нақты айтқанда, олардың қатарында Қосшы қаласының іргесіндегі Тайтөбе ауылы мектебі директорының орынбасары Рүстем Жахин, Қосшы қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары Жанәділ Мақатов, Көкшетау қаласының №22 жалпы білім беретінмектебінің директоры Манаргүл Тохан, Целиноград ауданы Мортық ауылының негізгі орта мектебі директорының орынбасары Бекежан Әмзе, Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Мұхтар Икранбек, Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары Динара Әбділова, Зеренді ауданы Қонысбай ауылының жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары Әсем Әбдірахманова, Атбасар қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі директордың  орынбасары Татьяна Торговкина бар.

«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын жүзеге асыру «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептер іске қосылғанда даярланған басшылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге, ең бастысы, жаңа үлгідегі көшбасшылардың кадрлық резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кадрлық резервке енген мамандар бірінші басшының бос орнына ешбір конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады.

Атап өтейік, биылғы 2024 жылдан бастап бұл жұмыс барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында жалғастырылатын болады.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар