Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Санитарлық  талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынды - АРҚА АЖАРЫ

Санитарлық  талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынды

Бурабай аудандық сотының ұйғарымымен «Burabay Hotel Management» ЖШС-і әкімшілік құқық бұзушылыққа барғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сөйтіп, оған сот үкімімен 4 830 000 теңге айыппұл салынды. 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Бурабай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Rixos» қонақ үйінде жүргізген тексеру барысында бактериялық ішек инфекциясын анықтаған. Одан қонақ үйдің 21 қызметкері зардап шеккен.

Сотта ЖШС-нің өкілі кінәсін мойындап, аталған бұзушылықтар толық  көлемде жойылғанын түсіндірді.

Жүргізілген тексеріске сәйкес, ЖШС «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ бұйрығының талаптарын бұзғаны  анықталды. Атап айтқанда, бөлшектеу құрал-жабдығы, өндірістік үстелдер мен ыдыстар таңбаланбаған, оларды ауыстыру қажет. Тазалау жабдықтары жинақталмаған және оларды сақтау ретке келтірілмеген. Дайын ет өнімінің сапасын куәландыру және сәйкестік туралы декларация жоқ. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен қоспа өнімі анықталған. Кондитерлік өнімдерді сақтау таңбалаусыз жүзеге асырылады. Бактерицидті шамдармен жұмыс істеген уақытының есебі жүргізілмейді. Ас блогының қызметкерлерін күнделікті тексеру жүргізілмейді. Тексеру кезінде 13 қызметкерден «St.aureus» себілгені анықталды. Ішек таяқшалар тобының бактерияларында және дерт туындататын флорадан алынған 5 шайынды сынамасында ІТТБ егілгені анықталған. Осындай бұзушылықтар ӘҚБтК-нің 425-бабының 2-бөлігінің негізінде ірі кәсіпкерлік субъектісіне 2000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды көздейді. Сот жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, айыппұлды 30 пайызға қысқартты. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 Бурабай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар