Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмоланың жүк көлігі - АРҚА АЖАРЫ

Ақмоланың жүк көлігі

Кезінде Елбасы өзі ашқан «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы кәсіпорнының келешегі кемел. Зауыт өңірдің машина жасау өнеркәсібі саласында өзінің лайықты орнын алып үлгерді.

Соңғы жылдары кәсіпорын жұмысы мемлекет пен акционерлердің қолдауының арқасында алға басты. Алғашқы жылдары жүк көлігінің үш түрін шығару барысында біраз қиындықтар туындаған болатын. Кейін мәселе оң шешімін тауып, зауыттан «КамАЗ» жүк көліктерінің қырықтан астам түрі шығарыла бастады. 2005 жылдан бері мыңдаған көлік құрастырылып, бүгінгі күні олар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Төтенше жағдайлар комитеті, жол құрылысы және ауыл шаруашылығы саласында пайдаланылуда. Кәсіпорынның жылына екі мыңға жуық автокөлік шығаруға мүмкіндігі бар. Соңғы кезде кәсіпорын басшылығы автокөлікте отандық бөлшектің көп бол-
уына ерекше назар аударып келеді. Арнайы техникаларға «Қазақстанда жасалған» деген белгі орнатылады. Сондай-ақ, әр өңірде осы көліктерге сервистік қызмет көрсететін шеберханалар жұмыс істейді. Зауыттың ауыр өнеркәсіп саласында да алатын орны ерекше. Өткен жылы сегіз жүз автокөлік шығарылды. Дегенмен, соңғы кезде «КамАЗ» жүк көлігіне сұраныс азайды. Соңғы жылдардағы қаржы дағдарысы әлем экономикасына айтулы әсерін тигізгені белгілі. Дағдарыстың ықпалы бұл кәсіпорынды да шарпып отыр. Дегенмен, мемлекеттің дер кезінде қабылданған дағдарысқа қарсы шараларының арқасында өндіріс көлемі оншалықты құлдыраған жоқ. Кәсіпорын дағдарыстан шығудың және өндірісті оң жолға қоюдың жолдарын қарастыруда.
Бұған дейін кәсіпорында оқшаулау бағдарламасы жүзеге асты. Бұл құжатта үш бағыт белгіленген. Алғашқы екі бағыт бойынша ішкі қаржы үнемделіп, автокөлік құрастырудың көлемі артты, қосалқы бөлшектер жасалды. Үшінші бағыт бойынша әртүрлі жүк көтергіш платформалары шығарылды. Сондай-ақ, жаңа цех іске қосылып, күрделі қосалқы бөлшектер жасалатын болды. Зауыт басшылығы инвесторлар тартып, қазақстандық бөлшектер үлесін ұлғайтты. Бүгінгі таңда өңірдегі коммуналдық кәсіпорындарға берілген автокөліктер ақаусыз жұмыс істеуде. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы да арнайы техникалармен қамтамасыз етілді. Мұндай көлік жол қатынасы қиын, таулы және шалғай елді мекендердегі тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетуге таптырмайды. Он бір жылда көптеген бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып, автокөлік өндірісіндегі технологиялық үрдістер одан әрі дамыды. Кәсіпорын өз еңбеккерлеріне әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауда. Бастама мен белсенділік танытқан білікті мамандарға қолдау көрсетіледі. «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы облыс орталығындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі ретінде бюджетке қомақты қаржы құйып келеді. Осылайша тәуелсіздігіміздің төл перзенті – «КамАЗ» отандық өндірісі ел игілігіне жұмыс істеп, қуатты автокөліктерімен тұтынушыларды қуанта бермекші.

Рамазан Тілеуов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар