Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында су тасқынынан келген шығын қысқа мерзімде өтеледі - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында су тасқынынан келген шығын қысқа мерзімде өтеледі

Ақмола облысында су тасқынынан келген шығынды есептеу үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша су тасқыны жағдайы бақылауда. Білім беру және әлеуметтік объектілер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жабай, Нұра, Есіл және Колутон өзенінде су арнасынан шығу қаупі сақталып отыр. Тәуекелдің алдын алу үшін өзендердің 64 учаскесінде мұзды жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстың 4 ауданының елді мекендер, сондай-ақ, Астана маңындағы Аршалы, Ерейментау, Целиноград және Шортанды ауданы қамтылды. Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің деңгейі кезең-кезеңімен 2 метрге дейін көтерілуі байқалады. Қатерлі деңгейі 1,2 метр, соның салдарынан жағалау бойындағы аумақтарды су басуда», – деді Елдос Рамазанов ОКҚ-де өткен брифингіге ZOOM арқылы қатыса отырып.

Облыс әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында тұрғындар мен олардың мүлкіне төнген қауіп-қатерді төмендету үшін қосымша шаралар қолданылды.

«Ұзындығы 32 шақырым болатын қорғаныш үймелері тұрғызылды. Оның ішінде Астана маңындағы аймақтарда 16 шақырымнан астам топырақ үйіндісі орнатылды. Су объектілерінің 18 шақырымдық жағалауы нығайтылды. Су тасқынынан келген шығынды есептеу үшін арнайы комиссия құрылды. Келтірілген шығын қысқа мерзім ішінде өтеледі. Қазір Астана су қоймасынан секундына 350 текше метр көлемде су жіберіліп жатыр», – дейді ол.

Айта кетсек, Ақмола облысында су тасқынымен күреске 2,5 мың адам, 1 мыңнан астам техника жұмылдырылды.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар