Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біргеміз, мықты біздің іргеміз! - АРҚА АЖАРЫ

Біргеміз, мықты біздің іргеміз!

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Әр адамның қалай осы жерге келгені жайлы Қалай осы жерге келгені жайлы өз тағдыры бар. Кейбіреулері өз қалауымен қоныстанса, кейбіреулері өз еркінен тыс қоныстандырылды. Енді бұл соншалықты маңызды емес, өйткені, осы ел – біздің ортақ үйіміз. Қазақстан жері ізгі ниетпен келген әрбір адамды қонақжайлылықпен қарсы алады. Түсіне немесе көз пішініне қарамастан осы қонақжайлылық, өзгені сыйлау қазақ халқының қанында болса керек. Ұжымда бірнеше жергілікті ұлт өкілдері, бір ғана басқа ұлт өкілі болса да, оны ренжітпеу үшін түсінетіндей тілде сөйлеуге тырысамыз. Бізге ата-бабамыз осы кең пейілімізге орай, аумағы жағынан әлемде 9-шы орынды алатын, халқының саны салыстырмалы түрде аз, осыншама жерді мұра етіп қалдырды.

Шетелде де, ел ішінде де біздің тату-тәтті қарым-қатынасымызға сына қаққысы келетіндердің болуы ғажап емес. Олар ұлттық сезіммен ойнайды, ол үшін қабылданған заңдарға сәйкес жаза арқалауға болады. Әрі мұндайда қай ұлттың өкілі екенің маңызды емес. Егер жік тудыруға тырыссаңыз, ол дұрыс болмағаны. Қоғамда ұлттық белгілері бойынша бөлінбей, бірігу немесе біріктіру қажет болғанда, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының жарқын бір мысалы, ешкімді де бей-жай қалдырмаған соңғы су тасқыны. Бұл қиындық та адал ниеті адамдарды біріктірді. Қиындыққа тап болған және кенеттен қолда барынан айырылғандарға көмек беруден көрінді бұл бірлігіміз. Тұрғын үй, дүние-мүлік және күнкөріс құралдарынсыз қалғандар осы таянышты елден тапты. Ежелден адамдар көмек көрсеткенде оларды анау деп, мынау деп бөлмеген. Біздің жерлестеріміздің де кімге, орысқа ма, қазаққа ма, әлде басқа ұлт өкіліне ме, көмектесіп жатқаны ойларына кірген жоқ шығар. Халық ауызбіршілік пен өзара көмек сезімін бүгінгі күні де жоғалтқан жоқ. Біз осы күндерде соны байқаудамыз.

Бұрын-соңды Қазақстанға келмеген, бірақ, осы жерде тұрған шешенге тұрмысқа шыққан шешен қызының сөзі әлі есімде. «Бір кезде оның әке-шешесі Қазақстанға жер аударылыпты. Өле-өлгенше осы жерді ризашылықпен еске алды, сөйтіп, бұл жер, бұл ел екінші Отанына айналды» деп еді ол өздері туралы. Немесе мен бұрынғы орнымда жұмыс істеп жүрген кездегі бір жағдай есіме түседі. Бірде маған анасы мен ересек ұлы келді. Олар неміс азаматтары, бір кездегі этникалық немістер, достарына қонаққа келген. Кенет әжесі ұлынан кеңседен кетуін өтініп, жылай бастады, өзі Германияға қайтпауды өтінеді. 90-жылдардың басында балалары мен немерелерімен бірге Германияға қоныс аударған екен. Жақын туыстарының ешқайсысы Қазақстанда қалмаған. Ол жақта торға түскен құстай болғанын айтады. Кейін осы жақта тұрып, балаларынан жасырын ақша жинап, ауылдан үй де алды. Әлгі әжей Қазақстанды өз Отаным деп санайтын және көз жұма қалса, осында, атасы мен әке-шешесінің қасында жерленгісі келетіндіктен, осыны еске салудан жалықпайтын. Кейін солай өзі қалағандай болды да. Сол оқиғадан кейін менің өзім Отан деген ұғымға басқаша қарай бастадым. Шамасы, туған жер бір ұлттың өкілдері ғана тұратын жер емес, ол осы жерді мекендеген бәріне ортақ құндылық. Бір жаққа кетіп бара жатқанда, сіз әрқашан туған жеріңізге қайтып оралғыңыз келеді, ал, қайтып оралғанда, көптен бері көрмеген қымбаттыңызбан кездескендей, жүрегіңіз жиі соғады.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында халқымызға амандық, береке-бірлік тілеймін. Ал соңғы оқиғалар көрсеткеніндей, біз ауызбіршілікті жоғалтқан жоқпыз, бұл шынын айтқанда қуантады.

Абылай МҰХАНЖАРОВ,
 Ақмола облысы бойынша адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілі. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар