Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Паркинсон ауруы және оның белгілері мен дамуы - АРҚА АЖАРЫ

Паркинсон ауруы және оның белгілері мен дамуы

Паркинсон ауруы – мидың созылмалы үдемелі дегенеративті ауруы. Паркинсон ауруы пациенттердің өмірлік белсенділігін шектеуге әкеледі және негізінен егде жастағы адамдарда мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Аурудың таралуы дүние жүзінде айтарлықтай өзгеріп тұрады, бірақ, эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері оны 100 000 халыққа 120-180 жағдай деп бағалауға мүмкіндік береді.  Паркинсон ауруының таралуы мен жиілігі жасына қарай тұрақты түрде артады. Алпыс жастан асқан адамдар арасында таралуы 1 пайыз, ал, сексен жаста ауру әрбір 25-інші адамда кездеседі. Елу жасқа дейінгі науқастардың үлесі жыл сайын тұрақты өсуде.

Мұндай деректер бұл аурудың маңыздылығын, емдеудің жаңа әдістерін іздеу және оңтайландыру қажеттілігін, сондай-ақ, паркинсон ауруы бар науқастарға көмек көрсету жүйесінде медициналық-әлеуметтік сараптаманың рөлін арттыруды растайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы медициналық-әлеуметтік сараптама Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің᠎ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Ол аумақтық мемлекеттік мекемелердің азаматтардың медициналық-әлеуметтік сараптамасын жүзеге асыру кезінде қолданылатын жіктеулер мен өлшемдерді бекітеді. Классификациялар аурулардан, жарақаттанудан немесе ақаулардан туындаған адам ағзасы функцияларының тұрақты бұзылыстарының негізгі түрлерін және олардың ауырлық дәрежесін анықтайды.

Ағза функцияларының тұрақты бұзылыстарының 6 негізгі тобы бар, оның ішінде паркинсон ауруында байқалатындар: психикалық функциялар, тіл және сөйлеу функциялары, сенсорлық функциялар, жүйке-бұлшық ет, сүйек және қозғалысқа байланысты функциялар жүрек-тамыр, тыныс алу, ас қорыту, эндокриндік жүйелер мен зат алмасу, қан және иммундық жүйелер, зәр шығару қызметі, терінің және оған байланысты жүйелердің функцияларының бұзылулары, сондай-ақ, физикалық сыртқы деформациядан туындаған бұзылулар.

Адам ағзасы функцияларының тұрақты бұзылыстарының ауырлық дәрежесінің 4 түрі бар – I дәреже – 10-30 пайыз аралығындағы бұзылулар, II дәреже – 40-60 пайыз аралығындағы бұзылулар, III дәреже – 70-тен 80 пайызға дейін диапазондағы бұзылулар, IV дәреже – 90-нан 100 пайызға дейін диапазондағы бұзылулар.

Мүгедектік топтарын белгілеу критерийлері анықталған осы ауырлық дәрежесіне қарай жүзеге асырылады.

Паркинсон ауруымен ауыратын науқастардың өмірлік белсенділігінің шектелу дәрежесі ауырлық дәрежесіне қарай моторлы бұзылулардың (тремор, гипокинезия, ригидтілік, постуральды тұрақсыздық, жүрістің бұзылуы) және моторлық емес бұзылулардың (психикалық бұзылулар және прогрессивті вегетативтік жеткіліксіздік) ауырлығымен анықталады. Аурудың асқынған кезеңдерінде пациенттердің өмірлік белсенділігі неврологиялық тексеру кезінде анықталған қозғалыс белгілерімен ғана шектелмейді, сонымен қатар, аурудың дамуымен ауырлығы арта түсетін көріністермен ерекшеленеді.

Мұндайда науқастарды медициналық тексерудің сапасын арттыру үшін емхана невропатологтары мен медициналық сарапшылар арасындағы өзара іс-қимылды айқындау қажет. Медициналық тексеруге жолдамада (031-у нысаны) науқастың соңғы жылдағы жағдайының динамикасын көрсету қажет (жаңа белгілердің пайда болуы, бұрын анықталған белгілердің жоғарылауы, емнің тиімділігі, асқынулардың болуы және тағы басқалары).

Паркинсон ауруы – дененің моторлық, психикалық, сөйлеу, сенсорлық және вегетативті функцияларының бұзылуын тудыратын және өзін-өзі күтуде, қозғалыста, қарым-қатынаста және еңбек белсенділігінде шектеулерге әкелетін полиморфты белгілері бар ауру. Бұл ауру уақтылы диагностиканы, клиникалық бақылауды, тұрақты терапияны, мүгедектікті дер кезінде анықтауды, аурудың бастапқы кезеңінде науқастарды жұмысқа орналастыруды, өзін-өзі күту дағдыларын дамытуды, осы аурумен ауырғандарды үнемі оңалтуды талап етеді.

Жәмила МАҚЫШЕВА,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің №1 бөлімінің басшысы.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар