Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ашық есік күні өткізілді - АРҚА АЖАРЫ

Ашық есік күні өткізілді

Облыстық прокуратура Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өңірдің кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шараға облыс прокуроры Руфат Құттықов, облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов қатысты.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мәселелерді жедел шешуді және экономиканы дамытудың ұзақ мерзімді көзқарасын біріктіретін жүйелі тәсіл қажет екенін атап өтті. Инвестиция  мәселелері мен жаңа инвестициялық циклды іске қосу басты назарда.

Іс-шарада облыс прокуроры Руфат Құттықов құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мен инвестицияларды қорғаудағы прокуратура органдарының рөліне айрықша тоқталды.

– Біздің өңірде қауіпсіз кәсіпкерлік және өңірдегі инвестициялық ахуалды дамыту туралы түсінік қалыптасты. Бүгінгі таңда облыста жалпы сомасы 655 миллиард теңгеге 55 инвестициялық жоба іске асырылуда, 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылуда. Жобалар бойынша инвестициялар 190 миллиард теңгеден асады. Маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу аясында біз инвесторлардың 21 проблемалық кейсін шештік, – деп атап өтті Руфат Құттықов.

Облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов өз кезегінде Аршалы ауданының аумағында республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың жоспарланып отырған құрылысы туралы хабарлады. Сондай-ақ, инвестицияларды тарту және жобаларды уақытылы іске асыру мәселесі өңір үшін маңызды екенін, осыған байланысты әкімдікте барынша көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Прокуратура жанынан маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша фронт-офис құрылғаны белгілі. Оның құрамына аймақтық палата да кірді.

– Прокуратурамен бірлесіп біз үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз, оның ішінде инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуде де тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылды. Жалпы бірлескен жұмыс кәсіпкерлердің нақты мәселелерін жылдам шешуге шоғырланды. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірлік кәсіпкерлер палатасының атына 132 өтініш келіп түсті. Оның 69-ында оң нәтижеге қол жеткізілді, бұл 52 пайыз, – деді Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Инвесторлармен кездесу еркін форматта өтті, жобалар таныстырылды, сондай-ақ, бизнестің проблемалық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «АВИКС ГРУП» ЖШС Бас директоры Максим Зайцев кедендік ресімдеуге, жағармай материалдарын Орталық Азия мен Еуропа нарықтарына экспорттауға қатысты сұрақ қойды. Компанияның өзіне тәуелді емес жағдайларға байланысты шетелдік серіктестерге өнімді жеткізуге арналған бірнеше келісім-шарттары бұзылды. 2023 жылы «Қызыл дәлізге» екі кедендік декларация, ал, ағымдағы жылдың 5 айында – алты декларация келіп түсті. Белгіленген рәсімге сәйкес, сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) өнім кодтарына сәйкестігін растау үшін кедендік сараптама тағайындалады, оны уәкілетті орган орталық кедендік зертхана тұлғасында жүргізеді, ол белгілі болғандай, осы сынақтарды жүргізу үшін материалдық-техникалық базасы жоқ.

– Сараптама жүргізудің стандартты мерзімі он жұмыс күнінен жиырмаға дейін ұлғаяды. Оны шетелдегі серіктестер күтуге дайын емес, өйткені, компанияның қызметі уақыт факторы шешуші рөл атқаратын шарттық қатынастармен реттеледі, – деп шағымданады кәсіпкер.

Электр энергиясы үшін жоғары тариф бойынша сұрақты «Неруд-Көкшетау» ЖШС өкілі Думан Қалиев қойды. Ағымдағы жылдың сәуір айында әр түрлі саладағы кәсіпкерлер (тау-кен металлургиясы, қоғамдық тамақтану, АӨК, құрылыс, сауда, өңдеу өнеркәсібі және т.б.) электр энергиясы үшін тарифтің екі есеге күрт өсуіне тап болды. Думан Қалиевтің пікірінше, бұл өзгерістер өндірілетін өнімді, қызметтің барлық салаларында көрсетілетін қызметтерді, тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді арттыруға, жұмыс орындарын оңтайландыруға және қысқартуға әкеп соғады.

Қосылған құн салығына (ҚҚС) тіркелу шегін 50 мың АЕК-ке дейін ұлғайтуға қатысты сауда және қызметтер салалық кеңесінің төрағасы Сәдбек Ахмадиев сөз сөйледі. Жаңа Салық кодексінің жобасында бұл мәселе кепілге қойылмаған.

– Бүгінгі таңда, егер кәсіпкердің айналымы 20 000 АЕК-тен асса, бұл небәрі 73 840 000 теңге болса, ҚҚС-қа тіркелу және қосымша 12 пайыз салық төлеу міндеті туындайды. Сонымен қатар, бұл талап сақталмаған жағдайда фискалдық органдар тарапынан өте қатаң санкциялар қарастырылған, – дейді кәсіпкер.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс прокуроры айтылған мәселелерді жеке бақылауға алды. Сонымен қатар, аудан әкімдері әлеуетті инвесторлармен ынтымақтастыққа және олар үшін инвестициялық жобаларды іске асыруда жағдай жасауға дайын екендіктерін білдірді.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар