Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрі-дәрмектерді таңбалау және бақылау - АРҚА АЖАРЫ

Дәрі-дәрмектерді таңбалау және бақылау

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 516 Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген дәрілік заттарға, өлшеп оралған дозаланған дәрілік нысандар (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) түрінде немесе бөлшек саудаға арналған нысандарға немесе қаптамаларға қатысты міндетті таңбалау күшіне енді.

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау фармакологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыру, препараттардың сапасын бақылау, дәрілік заттардың өндіріс кезеңінен бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі өмірлік циклінің мониторингі, заңсыз айналымға, оның ішінде жалған өнімге қарсы іс-қимыл мақсатында енгізіледі.

Бұл тетік дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға және сатып алуды жоспарлауға, сондай-ақ пациентке бағдарланған толыққанды және сенімді дәрілік қамтамасыз етуді қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Таңбалау жүйесіне дәрілік заттардың айналымына қатысушылардың барлығы кіреді. Қажетті ақпараттық жүйелер кеденге кіруден бастап соңғы алушыға жеткізуге дейін біріктірілген.

Таңбалау жүйесіне дәрілік заттар айналымының барлық қатысушылары кіреді: өндірушілер, дистрибьюторлар (дәріхана қоймалары), дәріханалар, дәріхана пункттері, кедендегі кіруден бастап соңғы алушыға берілгенге дейінгі қажетті ақпараттық жүйелер біріктіріледі.

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істеу үшін дәріхана ұйымдары бірқатар қадамдар жасауы керек:

  • «Тауарларды таңбалау мен бақылау ақпараттық жүйесі» (ИС МПТ) ismet.kz сайтында тіркелу;
  • электрондық құжаттау мен таңбалаудың ақпараттық жүйесінде (ЭҚЖЖ) авторизациялану.

Таңбалау кодтарын енгізуді дәрілік заттарды өндірушілер жүзеге асыратынын атап өтеміз.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану бөлігінде бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуде.

Тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді: 8-800-080-65-65

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар