Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мейірімді  жандардың емдері де шипалы - АРҚА АЖАРЫ

Мейірімді  жандардың емдері де шипалы

Әлемде ешқашан өшпейтін, даму үстінде ғанаболатын мамандықтың бірі – медицина саласы. Медицинасы дамыған елдің болашағы жарқын болмақ. Өйткені, медицина дамыса, халықтың денсаулығы жақсаратыны хақ. Осылайша қоғам дамиды. Дамыған елдердің тәжірибелерін меңгеру арқылы соңғы жылдарыелімізде денсаулық сақтау саласына аса мән беріліп отыр.

Нәтижесінде жыл сайын салада өзгерістер орын алып, тіпті шалғайда жатқан аудандардағы емханалар заманға лайық аппараттармен жабдықталуда. Ал, мемлекеттің басты байлығы адам десек, бәріміздің денсаулығымызды бақылайтын ақ халатты абзал жандардың қоғам алдындағы еңбектері ұшан-теңіз. Елімізде денсаулық сақтау саласында біраз жетістіктер, ауқымды шаралар қолға алынды. Кешегі өтпелі кезеңде тұралап қалған сауықтыру орталықтары қайтадан жандана бастады. Расында, адамдар уақытында ем шараларын алып тұрса, өмірде жастары ұзақ болары анық. Кешегі індет жайлаған шақта облысымыздың дәрігерлері жан аямай күн демей, түн демей пандемиямен күресіп, тосқауыл қоя білді. Осы абзал жандармен жолыққанда, мамандықтарына адалдықтары мен кәсібиліктеріне тағы бір көз жеткіземіз.

Жас ұлғайған сайын денсаулық сыр бере бастайды, сондықтан, жиі дәрігерлерге қаралуға тура келеді. Зейнеткерлікке шыққан соң, көп жыл еңбек ете жүріп, енді бір жақсылап тынығу сәттері келген шақта, жастың келгенімен, әртүрлі сырқаттар қылаң бере бастайды. Ондайда еріксіз емханалардыжағалайды екенсің. Бұрын тек жылына бір рет денсаулықты тексертіп, «жұмысқа жарамды» деген анықтама үшін баратын емхананы бұл күндері жиілейтін болдық. Сондай кезде Көкшетау орталық емханасында небір майталман дәрігерлер мен медбикелер қызмет атқаратынын байқадық. Біз қаралып жүрген терапевт дәрігер Алмагүл Қарабаева мен медбике Индира Тоқпановаға мың да бір алғыс, әр кезде жылы жүзбен, мұқият тыңдап, дұрыс шешім қабылдаулары кәсіби шеберліктерін айқын аңғартады. Қабылдау кезеңінен бастап, дәрігерлердің алдына барғанша барлығы рет-ретімен жүйелі қызмет жүргізіледі. Бөлімше меңгерушісі, дәрігер-терапевт Алмагүл Құрманова, учаскелік дәрігер-терапевт Сапия Дәулетбекова, тағы басқаларына науқас адамдарға деген жылы қабақтары, шипалы емдері әрқашан көңілден шығып тұрады. Бір күнде қаншама адам қабылданады десеңші, сырқаттар даәртүрлі, келетіндердің барлығы да бір үмітпен жандарына дауа іздейді. Байқайтынымыз, қызметкерлердің өз мамандықтарына адал әрі беріктіліктері, жылы мейірімділікпен қарағанда, сырқатыңның өзі жеңілдегендей сезінесің. Ара-арасындағы жеңілдіктердің бірі, ай сайын аурудың түрлеріне қарай тегін қымбат дәрілер үлестіріледі. Зейнеткерлерге ол да көмек. Ауыр науқастарға айықтыру кабинеттері қарастырылған.

Әртоқсанда ретімен реабилитация орталығы қарамағындағы науқастарды ем алуға жібереді. Ондай орталық қаламызда Сарыарқа шағын ауданында, сондай-ақ, Бурабай ауданында орналасқан «Көкше» сауықтыру орталығыосы бағытта толығымен қызмет атқарады. Соның бірінде, атап айтқанда, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Көкше» сауықтыру орталығында ем алғандардың бірімін. Мекеме әсем, табиғаты тамаша ну орманды Бурабай маңында орналасқан. Еліміздің шалғай жерлерінен де, қаламыздан да емделушілер көптеп келуде.

Сауықтыру ғимараты бірнеше қабаттан тұрады, келген күннен емделу процедуралары мен тәртіп жүйесімен таныстыратын қабылдау бөлімінің медбикелері Б.Асанова, Г.Сугуралина, Г.Бегахметова жылы қарсы алып, кең де жарық бөлмеге орналастырады. Емделуімізді қадағалаған жаны жайсаң дәрігеріміз Б.Балғазина болды. Мекемеде орналасуымызға жауаптыаға медбикелер А.Құдайбергенова, медбикелер К.Сәдуақасов, Л.Бектемірова, З.Малғаждарова, А.Уразова корпустың мән-жайымен таныстырды. Келесі күні осымекеменің бас дәрігері Дастан Асанұлы келушілерге дәрігерлерді таныстырып, емделу жүйелі өтетінін айтып, барлығымызға жақсы дем алуымызға жағдай жасалатынын жеткізді. Күнделікті күн тәртібімен уақытылытұрып, таңғы жаттығулар жасап, бөлмемізді жиыстырып, таңғы ас басталады, асхана іші мұнтаздай таза, негізі үш мезгіл ас беріледі, екі рет қосымша тамақтандырады. Ұлттық тағамдардан кеспе, қымыз, айран, неше түрлі салаттар, басқада тағамдар ас мәзіріне енгізілген. Демалушылар өте-мөте ризашылықтарын білдіріп жатады. Аспазшылар М.Огородникова, Г.Фарфуллинна, З.Шаяхметова, С.Лобоева, тағы басқалары ас мәзірін тамаша ұйымдастыра біледі. Ем арасында білікті дәрігерлерден кеңес алуға баратындар көп, солардың бірі дәрігер Болат Балғазиннің тәжірибесі мол, ақыл-кеңесі емделушілерге аса қажет, пайдалы. Медбикелер М.Омарова, Н.Оспанова, Г.Сыздықова, Ә.Қасымова, А.Кудеринова өз мамандықтарына бар ынталарымен қарайтын жандар. Массажшылар алақандарынан жылу сезілетін мамандар Жанар Балғабаева, Сабина Амангелдіқызына емделушілер дән риза. Ауа райының ыстық-суығына қарамастан, жұмысына берілген, шаруашылық мәселесін шешетін маман Мұрат Здуалиевты айтсаңшы. Әрдайымаула тазалығына көңіл бөліп, жылу жүйесінің ақауларынмүлтіксіз жөндетеді.

Әліде болса, кейбір аппараттарды жаңартып, басқада заманға сай қондырғылар орнатса, дәрігерлерге әлдеқайда жеңілдік болар еді. Ол күнде алыс емес шығар, келесі маусымдарда оң өзгерістерді  көріп қаламыз деген ойдамыз.

Осы аталған қызметкерлердің көбі медицина саласында ұзақ жылдар аянбай еңбек етуде. Ұжымда жас мамандар да баршылық. Әр қабаттаорналасқан кабинеттерде тиісті ем-дом уақытылыжүргізіледі. Кешкілік табиғат аясында серуендеубір ғанибет, әр түрлі іс-шаралар да ұйымдастырылып тұрады. Ем алушылардың жасы үлкеніде,кішісіде бар, барлығының келген мақсаттары бір. Денсаулығымызды түзеуге «Көкше» сауықтыру орны бар жағдайды жасап жатқандарына мыңда бір алғыс дейміз. Әсіресе, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына емделушілер атынан осындай сауықтыру мекемесі үшін ризашылығымыз мол.

Сайлау КӘРІБАЙҰЛЫ,
еңбек ардагері, зейнеткер

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар