Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құқық бұзушылықтың алдын алу, заң және заңдылық мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Құқық бұзушылықтың алдын алу, заң және заңдылық мәселелері талқыланды

Жуырда Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов жұмыс сапарымен Есіл және Жарқайың аудандарында болды.

Сапар барысында прокурор су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының барысымен жеке танысты. Одан кейін құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ, аудан тұрғындарының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте су тасқынының салдарын жою мәселелері, құқық бұзушылықтын  алдын алу және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауоргандарының жұмысы талқыланлды. Осы мәселелер бойынша Руфат Бауыржанұлы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Жұмыс сапарының соңында облыс прокуроры азаматтарды жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрді.

Осындай сапар кейін Жақсы және Сандықтау аудандарында да жалғасты. Жақсы ауданына сапары барысында облыс прокуроры жұмысшылардың қауіпсіздігі мен еңбек құқықтарының сақталуын зерттеу мақсатында «Урожай» ЖШС жұмысымен танысты.

Бұл өңірлерде де құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар және аудан тұрғындарының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді. Бүгінгі таңда Жақсыда марганец кен орнын игеру өзекті мәселе болып тұр. Руфат Бауыржанұлы бұл мәселені шешу міндетті түрде тұрғындардың пікірі ескеріле отырып, қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылатынына сендірді. Сапар барысында көктемгі су тасқынының салдарын жою мәселелері де назардан тыс қалмады. Облыс прокуроры осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды сол жерде зерделеді. Оның барысында бөлінген қаражатты тиімді пайдалану бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілді.

Сандықтау ауданында облыстың жазғы өрт қауіпі маусымына дайындығы және қылмыстың алдын алу бойынша қабылданған шаралар талқыланды. Кездесулердің соңында облыс прокуроры азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.

Сондай-ақ, Ақмола облыстық прокуратурасында облыс прокурорының орынбасары Е.Жүсіптің төрағалығымен жедел кеңес өткізіліп, онда республика Бас Прокурорының «Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі жұмысты күшейту туралы» нұсқауының негізгі ережелері, қылмыстық істерді анықтау және тергеу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

Жиынға ұлттық қауіпсіздік департаментінің, ішкі істер органдарының және аудандық прокуратуралардың қызметкерлері қатысты.

Талқылау барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты істерді тіркеу және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу бойынша бірыңғай ұстаным әзірленді.

Е.Жүсіп кеңес отырысын қорытындылай келе, өңірдегі есірткі қылмысының деңгейін төмендетуде бірлескен күш-жігер арқылы ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын ерекше атап өтті.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар