Шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды

Көкшетауда Ақмола облысы әкімінің кубогы үшін классикалық шахматтан өткен ашық турнирдің жеңімпаздары анықталды.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин «Ең үздік шетелдік спортшы» аталымы бойынша Қырғызстан Республикасынан келген халықаралық шебер Михаил Марковты, «1800 рейтингісі бар астаналық ең үздік спортшы» аталымы бойынша Андрей Кенді және «1600 рейтінгісі бар ең үздік спортшы» аталымы бойынша Айтуар Еркешті, «Әйелдер арасындағы ең үздік нәтиже» аталымы бойынша көкшетаулық Әдия Шәйкенованы, «Ардагерлер арасындағы ең үздік нәтиже» аталымы бойынша көкшетаулық Кенжеғали Нұрсейітовті, «2008 жылдан бергі ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушы» аталымы бойынша қарағандылық Илья Зайцевті, «2014 жылдан бергі жылдар бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушы» аталымы бойынша астаналық Бекнұр Мамыновті марапаттап, 45 мың теңгелік сертификаттарды табыс етті.

Республикалық «В» турнирі жеңімпаздарын іс-шараның серіктесі Freedom Broker компаниясы Көкшетау қаласы бойынша филиалының директоры Мұрат Қарабеков марапаттады. Сонымен, жүлделі 5-ші орынды астаналық Ислам Айтен, 4-ші орынды шымкенттік Антон Колосовский, 3-ші орынды павлодарлық Кристина Ким, 2-ші орынды ақтөбелік Нұрсұлтан Кенжалин, 1-ші орынды павлодарлық Арыстан Досмұхамбетов иеленді.

–Құрметті спорт сүйер қауым, баршаңызды бір апта бойы облыс әкімі Марат Ахметжановтың кубогына өткен турнирдің аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Аталмыш турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден келген барлық қатысушыларға алғыс білдіремін. Облыс әкімі Марат Мұратұлының тапсырмасы бойынша жақын арада қаламызда халықаралық деңгейдегі Шахмат үйі ашылғалы отыр. Аталмыш турнирге кішкентай балаларымыздың қатысқаны өте қуантарлық жәйт, – деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамова.

«Республикалық «А» турнирінің 3-ші орыны Беларусь Республикасының спортшысы Алексей Федоровқа, 2-орыны Шымкент қаласынан келген Әбілмансұр Әбділхайырға, 1-ші орыны Америка Құрама Штаттарынан келген Юстос Уильямске бұйырды.

Сонымен қатар, көкшетаулық Жанбота Қамарова облыс әкімі Марат Ахметжановтың атынан арнайы сыйлыққа ие болды.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар