Бүгіндеаудан экономикасының басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып отыр. Оның ішінде егіншілік негізгі орын алады.
«Урожай», «АйБат», «Новокиенка», «Белағаш» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Оларда астықты өңдеу және сақтау жақсы дамыған, мал шаруашылығындада жетістіктер бар. Сүт өнімдерін қайта өңдеу де аудан атын шығарып отырғаны сөзсіз.
Әсіресе, «Новокиенка» және «Белағаш» ЖШС-ларында ет және сүт бағытындағы жақсы нәтижелер қуантарлық. Ауданда жоғары сапалы консервілер мен сүт өнімдерін өндіретін цехтар жұмыс істейді. Оларға қайта өңдейтін өнімді «TNK Агрофирмалары» компаниялар тобына кіретін шаруашылықтар жеткізеді.
Алдағы уақытта «Кең дала» бағдарламасының шарттары өзгеріп, ақша субсидияларды ресімдеу қажеттілігінсіз жылдық 5 пайыз өсіммен берілсе, «Даму» қоры арқылы қарыздарды 85 пайызға дейін сақтандыру көзделген.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Жақсы ауданы.