Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АЭС – энергетикалық қауіпсіздік кепілі - АРҚА АЖАРЫ

АЭС – энергетикалық қауіпсіздік кепілі

Президент Жарлығына сәйкес елімізде АЭС салу не салмау туралы сұрақтың жауабын референдум арқылы халық шешеді.

Дегенмен АЭС-тің пайдасы қандай, зияны бар ма деген мәселеде маманның пікірі маңызды. Біз экономист Сапарбай Жобаевпен атом энергиясының экономикалық тиімділігі және энергетикалық қауіпсіздігі туралы бірқатар сұрақ төңірегінде әңгімелескен едік.

– Сіз АЭС салуды қолдайсыз ба? Әлемдік тәжірибеде қай елдің АЭС-сы қауіпсіз саналады және біз кімді таңдаймыз деп ойлайсыз?

– АЭС салуды қолдаймын. Бү­гін­де әлем бойынша 31 елде 415 атом реактор бар болса, тағы 60-қа жуығы жаңадан салынып жатыр. Әлем­дегі ең қуатты атом электр стан­­­­cалары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ-та орна­лас­қан. Ал Қытай, Үндістан, Түр­кия, Мысыр сынды елдер соңғы жыл­дары атом энергетикасына бел­сенді түрде инвестиция салып жа­тыр. Егер 6 қазанда халық қол­дап, елімізге АЭС салу туралы ше­­­­шім қабылданатын болса, қазір 4 елдің тәжірибесі қарастырылып жат­қанын білеміз. Олар – қы­тай­лық CNNC, кореялық KHNP, ре­сейлік «Росатом» және француз­дық EDF компаниялары. Ме­нің­ше, бұл елдің қай-қайсысы салса да алдымен біздің ел үшін қауіпсіздік мә­селесіне ерекше мән береді деп ойлаймын. Мәселен, Ресей қазір Түр­кияға АЭС салып жатыр. Егер біз­дің мамандар Ресеймен шарт жа­сап жатса, оған таңғалудың қа­жеті жоқ.

АЭС тарихында 3 ірі апат бол­ды: АҚШ-та, Чернобыльде және Жа­пониядағы Фукусима-1 стан­са­сында. Халық жадында осы апат­тар­дан қалған қорқыныш бар. Де­генмен әлем елдері ғылыми-тех­нологияның дамуы және апат­тар­дан алған сабақ пен тәжірибеге сүйене отырып, қауіпсіздік көрсет­кіш­тері біршама күшейтілген жаңа буын реакторларын пайдалануды қолға алды деп ойлаймын. Сон­дық­тан бүгінгі күні АЭС-тен келе­тін апаттың алдын алу әлемдік дең­гейде сын-қатерден өтті деп ай­туға болады.

– АЭС салудың еліміз үшін ст­ра­тегиялық және экономикалық тиім­ділігі қандай? Ол өзін ақтай ма? Эко­логиялық зардабы жоқ па?

– Бұл – күрделі сұрақ. АЭС салу­дың инвестициялық шығын­дары есебінен электр энергиясы қымбатырақ болуы мүмкін. Неге? Се­бебі көмір ең арзан электр энер­гия­сын береді. Мәселен, 2010 жыл­­­­дарда Екібастұз ЖЭС-да өн­дірілетін электр қуатының өзіндік құ­ны 4 теңге еді, қазір 7 теңге деп ай­тып жүр. Ал АЭС 11-15 теңге болуы мүмкін. Біз Киото хатта­ма­сына және Париж келісіміне қо­сылған ел ретінде климаттық өз­геру­ге себеп болып отырған қауіпті қал­дық шығаруды қысқарту және кө­міртегі бейтараптығына қол жет­кізу секілді стратегиялық мін­дет­темелерді орындауымыз керек. Ал АЭС-тан көмірқышқыл газ шық­пайды. Сондықтан оның қа­уіп­сіздік мәселелері туралы ма­ман­­дардың уәжіне құлақ асуымыз ке­рек. Яғни, көмірқышқыл газ шық­пағаннан кейін оның кли­матқа әсері жоқ десек те болады. Сон­дықтан біз әлемдік тәжірибеде жа­сыл энергетика көзі саналып отыр­ған АЭС салуға, жасыл энер­гия­ға өтуге көбірек әрекет жасауы­мыз керек.

Қазақстан күн және жел, су сияқ­ты табиғи ресурстары өте қуат­ты ел дегенге мен қосыла ал­май­мын. Біз бар болғаны 3-4 пайыз ғана су электр стансала­ры­нан электр тогын ала аламыз және сол­түстік аумақ өте үлкен, ал оң­түс­тікте күн электр энергиясы өзі­не жетпейді. Оны тасымалдау өте тиімсіз. Күн сәулелі Түркия­­­ның өзі де күннен энергия ала ал­май отыр. Жел бүгін бір жаққа, ке­лесі күні басқа жаққа соғады, Мә­селен, Қордайдан ары-бері өт­кен кезде көреміз, 15 шақты жел энер­гиясына арналған қон­дыр­ғы­лары бар. Бастапқы кезде соның 10 шақтысы істейтін еді, қазір 4-5-і зорға істеп тұр. Сондықтан жел энергиясына сенім аз. Жел үне­мі соғып тұратын жерлер бар, бір­ақ жел мен күн қуаты елімізде 4-5 пайыз, одан көбірек болады деу, мүмкін 10 пайызға баратын ш­ғар, бірақ одан асады деп айта ал­маймыз.

Экономика мен энергетика егіз ұғым десек, бізге экономи­ка­ның тұрақты, үздіксіз дамуы үшін тұрақты қуат көзі керек. Қазіргі тұ­жырымдама бойынша, АЭС кем де­генде 80 жылға дейін жұмыс іс­тей алады. Мұндай ұзақ мерзімді перс­пективада бұл шыққан шы­ғын­дарды неше есе артығымен өтей­тіні даусыз.

– Ал АЭС-ті салуға, оны дұрыс пай­­­­­далануға отандық мамандардың әлеуеті жете ме?

– Мықты маман, білікті кадр та­рапынан біздің елімізде проб­ле­ма бола қоймайды деп ойлаймын. Бұрын Ақтауда заманында әлемде болмаған атом энергокомбинаты­ның құрамында апатсыз пайдала­ныл­ған БН-350 жылдам нейтрон­да­рындағы әлемдегі алғашқы энергетикалық реактор болды, онда білікті, тәжірибелі мамандар жұ­мыс істеді.  Еліміз уран өндіру бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Республиканың атом өнеркәсібінің жаңа кәсіпорын­дары дамыды. Мысалы, былтырғы жылы Өскеменде ядролық отын өндірісі басталды. Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық пен Ал­ма­тыдағы ядролық физика инс­титуты бар дегендей барлық әлеуе­тімізді ескерсек, сала мамандарына қиындық туындамайды. Сонымен қатар АЭС салатын елмен келі­мі­сімшарт негізінде отандық маман­дарды оқытуға мүмкіндік те уа­қыт­та болады деп ойлаймын.

Сондай-ақ қауіпсіздік мә­се­лесінде АЭС бақылаусыз, кез кел­ген­нің ермегі емес екенін ескеру ке­рек. Мәселен, Атом Қуаты Ха­лық­аралық Агенттігі (АҚХА), яғни МАГАТЭ жарғысына сәйкес, еліміз атом энергиясын бейбіт мақ­сатта пайдаланушы ел ретінде бір­қатар қауіпсіздік және сапалық та­лаптан тұратын, 20 шақты шарт­қа сай болуы керек. Сондықтан қай ел салса да алдымен халықара­лық шарттар ескеріледі деп ойлай­мын.

– АЭС құрылысына қазір екі ау­мақ таңдалған екен. Алайда Ал­маты облысының Жамбыл ауда­нын­дағы Үлкен ауылына салған тиім­­­дірек деген пікірді қолдаушылар басым секілді. Сіз қай аумақта сал­ған тиімді деп ойлайсыз?

– Меніңше, АЭС сулы аймақта бол­ғаны дұрыс. Себебі суды сал­қын­дататын қондырғыға су қажет бо­лады. Бірақ сарапшылар бұл Бал­­­­қаштың су көлеміне кері әсері бол­майды деп отыр. Еліміз бойын­ша ең алдымен энергия тапшылы­ғы оңтүстік жақта қатты сезілуі мүм­кін деген болжамға сенсек, АЭС-ті оңтүстік өңірге қарай сал­ған жөн. Сонымен қатар экономи­ка­­лық тұрғыдан да тиімді.

АЭС-тің тиімділігіне тоқталар бол­сақ, бүгін бізде электр қуаты тап­шылығы қазірдің өзінде бі­лінеді. Мәселен, 2023 жылы біз Ре­­­сейден 2 млрд кВ электр энер­гия­сын валютаға сатып алдық, бұл біз­де өндірілетін 135 млрд кВ-қа жа­қын электр энергиясымен са­лыс­тырғанда 2 пайыз ғана болуы мүм­­кін. Бірақ бұл тапшылық бо­лашақта көбейе береді. Сондықтан өне­р­кәсібі дамыған үлкен қа­ла­лардың жанынан бір ғана емес, бір­неше АЭС салған дұрыс. Мұх­тар Жәкішев кішігірім қуатты АЭС са­лып, оның да пайдасын көру ке­­­рек депті. Ол туралы да ойланып, ма­мандар дұрыс шешім қабылдай­ды деп ойлаймын.

– Рақмет!

Әңгімелескен  Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Дереккөз: aikyn.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар