Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орақты ойдағыдай өткізудің толық мүмкіндігі бар - АРҚА АЖАРЫ

Орақты ойдағыдай өткізудің толық мүмкіндігі бар

Бүгінгі таңда еліміз және облысымыз үшін маңызды болып саналатын күзгі орақ науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Кедергі мен кері әсерлердің жоқ емесі белгілі. Азық-түлік қоры мен ел экономикасын қамтамасыз ету үшін егін жинауды сәтті аяқтауымыз керек. Осыған орай, орақ жұмыстарының барысы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов көп мәселеге жете тоқталып өтті.

– Биыл ауарайының қолайсыздығынан көктемгі егіс жұмыстары қиындады. Топырақтың баяу жылынуы және мамырдағы нормадан тыс жауын-шашын әдеттегі 30,1 миллиметр мөлшердің орнына 81 миллиметр ылғалдың түскенін көрсетті. Дегенмен, барлық агротехникалық шаралар толық орындалды. Мол өнім алу үшін облыс диқандары көктем мен жаз айларында қыруар жұмыс атқарды. Егін жинау кезеңінде де біз тұрақсыз ауа райын бастан кешудеміз.«Қазгидрометтің» мәліметтері бойынша тамызда жауын-шашын мөлшері 33,8 миллиметр, қыркүйекте 79 миллиметр болған. Бүгінгі күні 1,8 миллион гектар алқаптың егіні жинап алынды. Бұл – жоспардың 38,1 пайызы. Орташа түсім гектарына 12,7 центнерден айналып, 2,3 миллион тоннаға жуық астық бастырылды. Тәуліктік орташажұмыс өнімділігі қолайлы ауа райы жағдайында 200 мың гектардан асады. Дегенмен, жауын-шашын мол болса, егін жинау науқаны кешіктірілуі мүмкін. Әрине, өсірілген өнімді жинап қана қоймай, астықтың бастапқы өңделуін және кейін дұрыс сақталуын қамтамасыз ету де өте маңызды, – деді Кенеш Әлімжанов өзінің бастапқы сөзінде.

Басқарма басшысының айтуынша, элеваторлар мен қоймаларға жаңа өнімнен 558 мың тонна астық құйылған. Оның 352 мың тоннасы бидай. 183,2 мың тонна арпа және 22 мың тонна басқа дақылдар да жинап алынды. Бидайдың 211,1 мың тоннасы үшінші класқа жатқызылды, төртінші сортқа 74,9 мың тоннасы, бесінші класқа 50,1 мың тоннасы сәйкес келіп отыр. 462 тонна бидай сортсыз. Арпаның 98,1 пайызы екінші класс, 4,2 пайызы сортсыз деп танылған. Яғни, жоғары және бірінші, екінші сортты сапалы өнім алынбаған. Жауын-шашынның көп болуына байланысты биыл элеваторларға астық ылғалдылығы жоғары қалпында келіп жатыр.

– Жаңа егіннің астығын сақтау және кептіру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тарапынанастық қабылдау пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеуі және дымқыл астықты кідіртпей қабылдауы жөнінде тапсырмалар берілді. Өз кезегіндебіздің басқарма барлық астық қабылдау пункттері менэлеваторлардың тәулік бойы жұмыс істеуін ұйымдастыруға ат салысты. Астық кептіру үшін облыста жалпы өнімділігі сағатына 9,6 мың тонна болатын 265 астық кептіргіштері бар.Дәнді және майлы дақылдарды кептіруге 22,8 мың тонна арзандатылған дизель отыны және 1,8 мың тонна сұйытылған газ бөлінді. Дизель мен газға қажеттілік 6,8 мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ, биылғы жылы мүмкіндігінше құрғақ және дымқыл астықты сақтауға қолайлы астық қаптарына ерекше назар аудару керек, – деп атап өтті басқарма басшысы.– Облыста   сыйымдылығы 4,3 миллион тоннаны құрайтын 66 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істеуде. Оған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 2,8 миллион тонна астық сақтай алатын қоймаларын қоссақ, орын жеткілікті. Тек кадр тапшылығынан екі астық қабылдау пунктінің жұмысы тежеліп тұрғанын да айту керек.

Қаржылық қамтамасыз ету мәселесіне келсек, Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс және орақ жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу көлемін айтарлықтай арттырған. Жалпы, Ақмола облысының агроөнеркәсіп кешенін қолдауға шамамен 130 миллиард теңге бөлінген. Оның 46,5 миллиарды субсидия. Қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы субъектілері осы қаржының 95 пайызға жуығын алған. «Биылғы жылы майлы дақылдарды өсіруді ынталандыруға және басымдыққа ие ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялау бағдарламасына облыстық бюджеттен 400 миллион теңге сомасында қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 73 ауыл шаруашылығы өндірісі кәсіпорны 9,1 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Несие ресурстарының қолжетімділігі шеңберінде «Кең дала» және «Кең дала-2» жобаларыныңкөктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несиелеу бағдарламаларын атап өту қажет. Бұл облыс шаруаларына елеулі көмек болып, 563 ауыл шаруашылығы кәсіпорнын 47,5 миллиард теңгеге қаржыландыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өңірлік агроөнеркәсіпті 10 миллиард теңгеге қаржыландыру арқылы «Аграрлық несие корпорациясы» ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдікпен қаржыландыру арналарын кеңейтті. Барлық проблемалық мәселелер жедел түрде шешімін табуда. Облыста 2024 жылғы күзгі дала жұмыстарын үйлестіру бойынша барлық өңірлердежедел штабтар құрылды, – деп түйіндеді өз сөзін Кенеш Ғалыбекұлы.

Сонымен бірге, брифинг барысында науқандық жұмыстарды ілгерілетуге техниканың жарақтандырылу жағы да назардан тыс қалмады. Биылғы астық жинау науқанына 8,9 мың ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылуда.  Ағымдағы жылы жалпы сомасы 28,5 миллиард теңгеге 901 әртүрлі техника сатып алынса, жеңілдетілген несиелендіру бойынша 15 миллиард теңгеге 245 техника сатып алынған. Әрине, жанар-жағармай астықты табысты жинау жұмыстарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Өңірлік орақ жұмыстарына кепілдікпен берілген 83 мың тонна дизель отынының 47,8 мың тоннасы шаруашылықтар мен қожалықтарға жөнелтілген. Қалған 40 пайыз дизель отынын тарату жұмыстары жалғаса береді.

Әлі де 5,4 миллион гектар егін алқабының 3,6 миллион гектарының астығын жинап, бастыру міндеті тұр. Алаңдатарлығы, жауапты науқанға білек сыбана кірісуге жауын-шашын кедергі келтірсе, жиналған астықты қоймаға алаңсыз жөнелтуге жоғары ылғалдылығы кері әсерін тигізуде.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар