Мал дәрігерлік қызметтің жағдайы ойландырады

Ақмола облыстық мәслихатының 25 қыркүйекте өтетін кезекті он үшінші сессиясына дайындық шеңберінде мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыстық ветеринария басқармасының жұмысы туралы мәселе қаралды.

Бұл орайда, мәселе «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыс аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың барысына келіп тірелді.

Депутаттар Әбілқайыр Ошақбаевтың төрағалығымен ветеринариялық қызмет басшыларымен бірге өңірлердің өзекті мәселелерін талқылады. Бұл ең алдымен, салада мамандардың жетіспеушілігі. Кадр тапшылығының себептері бұрыннан белгілі. Төмен жалақы, ауыр еңбек жағдайлары, кәсіптің тиісті беделінің түсіп кетуі және соның салдарынан жастардың ауылда мал дәрігері мамандығына барғылары келмейтіні деуіміз керек.

Мал қорымдарының жағдайы тағы бір бөгет.  Депутаттар ауылдық округтерде мал қорымдарын салу, ретке келтіру мәселесін бұған дейін де бірнеше рет көтерген болатын. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы аталған проблемаларды шешу үшін облыс аумағында қолда бар мал қорымдарын сәйкестендіру және 2019-2025 жылдарға арналған жаңа үлгілік мал қорымдарын кезең-кезеңімен салу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін айтты.

Сондай-ақ, отырыста қаржыландыруды қажет ететін проблемалар да көтерілді. Ол қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған питомниктердің болмауы, ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша статистикалық деректерді цифрландыру, ветеринариялық станциялардың материалдық-техникалық базасын нығайту және тағы басқа да мәселелер. Демек, сала жұмысын жақсартып, қадірін арттырамыз десек, осы жұмыстардың бәрі таяу арада рет-ретімен шешілуін қажет ететіні түсінікті.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар