Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айтыс –бабалар мұрасы - АРҚА АЖАРЫ

Айтыс –бабалар мұрасы

Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Ақмола облысының Астана қаласындағы №2 «Дарын» мамандандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Төрт тоқсан – төрт өнер» мәдени ағартушылық жобасы аясында қыркүйек «Ақындар айтысы» айы болып белгіленіп, «DIREKTORSAGATY» жобасының кезекті кездесуі «Айтыс бабалар мұрасы» тақырыбында ақындар айтысына арналды. Сөйтіп белгіліайтыскер ақын, Алматы облысының құрметті азаматы, филология ғылымдарының кандидаты Балғынбек Имаш және ақмолалық жас айтыскер ақын, Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сәттібек Серікболатұлы осы жобаның қонақтары болды.

Тарихта аты мәлім қазақ ақындарының көпшілігі осы айтыс өлеңдерімен  тәрбиеленіп өсті. Айтыс – ақындық тәрбие мектебі. Сөз сайысы үстінде ақынның мұндай өнері шыңдала береді. Ақындар шаршы топ алдында сарапқа, сынға түскендіктен, сөзінің мазмұны мен көркемдік жақтарына зер салынады. Айтыс жырларындағы үздік образ, шешен сөздер осы айтыс үстінде  туған. «Ақындар айтысының ерекшелігі – онда «Халық театрының анық, дәл ұрығы бар» деп Мұхтар Әуезов айтқанындай,айтыс әсерлі болуы үшін ақындар домбыраның не сырнайдың, қобыздың сүйемелдеуімен, әнмен айтады. Театр актерлеріндей олар сан алуан құбылыс жасайды.

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш білімалушыларымызды айтыс өнерінің қыр-сырымен таныстыра отырып, әр өнерді алып жүру үшін талантпен бірге еңбектің  маңызын жеткізді. Жалпы, сөз өнерінің, шешендік өнердің құдіреті мен бірге ойлаудың, айтылған сөзге сараптама жүргізудің, зерделеудің  артында үздіксіз іздену тұрғанын, кітап оқудың пайдасын да тілге тиек етті. Бала Балғынбектің арманының орындалғаны және қандай жетістікке жету үшін де армандау керек екенін, арманға жету үшін мақсаттың айқын болу керектігін баса айтып, білім алушылардың әртүрлі бағыттағы сұрақтарына жауап алды.

Кездесудің екінші кезеңі аға айтыскер Балғынбек пен жас  айтыскер Сәттібектің айтысымен жалғасты. Балалар айтыстың қандай өнер екенін шын айтысты көріп, тағы бір сезінгендей болды. Балғынбек Сәттібекке батасын беріп, ағалық парасаттылығын танытып, болашағының жарқын болуына шын ықыласын білдірді. Білім алушылар келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, кездесуде кері байланыс орнады. Қонақтар болса, мектебіміздің дарынды оқушыларының ілтипаты мен ойларының озықтығына, өнерді құрметтейтіндігіне  тәнті бола түсті.

Рысжан ШАМҰРАТОВА,
Ақмола облысының №2 «Дарын»мектеп-лицей-интернатының директоры.

Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар