Ақмола облысының әкіміМарат АхметжановЗеренді ауданына жұмыс сапары барысында «Namys Group» және «Дихан Плюс» серіктестіктерініңшаруашылықтарын аралап, орақ науқаныныңбарысымен танысты.
Бүгінгі таңда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректері бойынша 2,4 миллион гектар алқапта күзгі дала жұмыстары жүргізілді. Бұл – өңірдегі жалпы егіс алқабының шамамен 51,5 пайызын құрайды. Орташа өнімділік гектарына 13 центнерден айналып отыр, бастырылған астықтың мөлшері 3,1 миллион тонна.
«Namys Group» ЖШС директоры Ерден Елеуовтың айтуынша, биыл шамамен 11 мың гектар жерге дәндідақылдар егілген, оның 5 мыңы – бидай, 2 мыңы бұршақ және тағы 2 мыңы майлы дақылдар. 3-4 класты астықтың орташа өнімділігі гектарына 35 центнерден айналуда. Науқанға 12 комбайн тартылған.
– Мұндай егін көптен бері болған жоқ. Биылғы науқанға көтеріңкі көңіл-күймен кірісіп кеттік. Себебі, егіннің шығымы жоғары. Күніне 150 тонна астық бастырамыз. Мен комбайншы болып 5 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Ең мол өнім арпаны ору кезінде тіркелді, гектарына 60 центнерден алдық. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жағар және жанармайдан таршылық көріп жатқан жоқпыз, – дейді өөз сөзінде комбайншы Беслан Мусиев.
Қазіргі уақытта «Дихан Плюс» ЖШС-іннде де 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Егін жинауға 12 комбайн жұмылдырылған. Биыл 23 мың гектар аумаққа егін егілді, оның 12 мыңы – бидай, 6 мың гектардан астамы – майлы және бұршақты дақылдар. Қазіргі уақытта орташа гектар шығымдылығы есеппен 30 центнерден айналып отыр.
– Бізде барлық жұмыс механикаландырылған. Арнайы бағдарламалардың арқасында егістіктің барлық тарихын, химиялық өңдеу қашан және қандай препараттармен жүргізілгенін әрі өткен жылдардағы өнімділікті де көре аламыз. Әрбір комбайнда астық сапасының есебі мен талдауы жүргізіледі. Глютенді, ақуызды және басқа да көрсеткіштерді есептейтін автоматтандырылған жүйе қырмандарда да орнатылған, – дейді «Дихан Плюс» ЖШС-ның директоры Денис Швайбович.
– Биыл Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға шамамен 130 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде субсидиялар мөлшері – 46,5 миллиард теңге. Шұғыл мәселелерді шешу үшін өңір әкімдігінде 2024 жылғы күзгі дала жұмыстарын үйлестіру жөніндегі жедел штаб құрылды. Біздің басты міндетіміз – күзгі науқанды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу, – дей келе өңір басшысы Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы құрылымдарына жауапты күзгі дала жұмыстарында, соның ішінде өсірілген астықты шашпай-төкпей жинап алуда табыс тіледі.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.