Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орман көбейсе, ел мен жерге құт - АРҚА АЖАРЫ

Орман көбейсе, ел мен жерге құт

Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишевтың қатысуымен өткізілген брифингте жыл басынан бері осы салада атқарылған жұмыстар қамтылды.

Ақмола облысында орман қорының көлемі 1,1 миллион гектар алқапты құраса, оның үштен бірі нақты ормандар болып саналады. Облыста 2021 жылдан бастап 8,7 мың гектардан астам аумаққа 56,2 миллион түп ағаш отырғызылған. Алдағы 2025-2027 жылдар аралығында 15 мың гектар аумаққа 95 миллион ағаш отырғызу жоспарлануда. Орман шаруашылығы мекемелерінде жалпы ауданы 175 гектар болатын 13 орман питомнигі жұмыс істейді. Бүгінде ағаш отырғызу материалдарына қажеттіліктің артуына байланысты облыстық бюджет есебінен жалпы ауданы 86 гектар екі ағаш питомнигін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Олар Зеренді ауданындағы Бұқпа және Атбасар ауданындағы Маралды орман питомниктері.

–Ақмола облысының аумағында 90 гидротехникалық құрылыс тіркелген. Оның он жетісі республикалық, алпыс алтысы коммуналдық, жетеуі жеке меншікте. Соңғы мәліметтер бойынша 56-сының жағдайы қанағаттанарлық, 29-ы қанағаттанарлықсыз, 5-еуі апатты жағдайда. Әзір тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Жыл сайын көктемгі-күзгі кезеңде бассейн инспекциясымен, төтенше жағдайлар департаменті және аудан әкімдіктерімен бірлесіп гидротехникалық құрылыстарды визуалды тексерулер жүргізіледі. Одан кейін тасқын сулардың ақаусыз өтуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар беріледі. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі 2024-2027 жылдарға арналған гидротехникалық құрылыстарды көпфакторлы зерттеу жоспарын бекітті, – дейді Джанет Микишев.

2025 жылы 21 гидротехникалық құрылысқа көп қырлы зерттеу жүргізу жоспарланған. Басқарма басшысының айтуынша, Целиноград ауданында айналма жолдан Қажымұқан ауылына дейінгі аралықта Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзету және кеңейту жобасы іске асырылуда. 2021 жылдың шілдесінде басталған жұмыс Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысымен бірге келесі жылы аяқталады деп күтілуде. Оған қоса, көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысының хаттамасын орындау шеңберінде 6 жобаны іске асыру көзделген. Бұл жұмыстарға «Демеу Қазақстан Қоры» қаржылық қолдау көрсетіп, су тасқыны салдарынан бүлінген бірқатар қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, қайта жаңарту және қалпына келтіру жұмыстары қарастырылған. Атап айтсақ, Жақсы ауданындағы Чапаев-1 бөгетін күрделі жөндеу, Сандықтау ауданының орталығы Балкашино ауылындағы Жабай өзенінің арнасын тереңдету, Шортанды ауданының Дамса бөгетінде шлюз салу және қолданыстағы су өткізгіш құбырды консервациялау жұмыстарымен бірге, Зеренді ауданындағы Шағалалы ауылының ортасымен ағатыносы аттас өзеннің арнасын тереңдету, Астрахан ауданының Старый Колутон ауылындағы Колутон өзенінің арнасын тазарту және Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы қорғаныс бөгетінің құрылысын қалпына келтіру жобалары жоспарда тұр.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар